Буыны енді бекіп келе жатқан ұлтымыздың бет түзер темірқазығы газет болғаны өткенімізбен өлшегенде бізге мәлім. 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында басылып тұрған қоғамдық саяси және әдеби мәдени басылым ретінде "Қазақ" газеті алғашқы санын 1913-жылы екінші ақпанда басып шығарған. Мың да тоғыз жүз он бесінші жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі реттен шыққан. Жалпы негізде бастырушысы - "Азамат" серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасшысы Мұстафа Оразайұлы. Жалпы "Қазақ" газетінің екі жүз алпыс бес нөмері жарық көрген.
Жалпы "Қазақ" газетінің түндігі батыстан ашылып, есігіне "Қазақ" деп жазылды. Бұның ара жігін ажыратып берген ұлт зиялылары "қазақ ішіне Еуропаның ғылым-өнері таралсын, газет қазақ жұртшылығына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын" деп тәмсілдеген. Ұлттық идеяның шырақшысы азаттық рухының қоңырауы "Қазақ" газетіне биыл 109-жыл. Ұлт тарихында өз миссиясын орындаған "Қазақ" газетінің айналасында "Түркістан уәлаятының газеті" , "Киргизская степная газета" , "Қазақстан" газеті, "Айқап" журналы, "Серке" газеттері жалпыұлттық сипат пен сұранысқа ие болған. Жалпы Ахмет ата Байтұрсынов қазақ даласына ел ішіндегі жаңалықтардан уақытылы хабар таратып тұратын басылымның ауадай қажет екенін осы "Қазақ" газетінің алғашқы санындағы мақалада негізге алған болатын. Жалпы газеттің алғашқы санында шыққан "Құрметті оқушылар" мақаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы газеттің не үшін керектігі туралы себептерді қаузай отырып, Ахаңның "Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деуі - қазақ баспасөзінің ұранына айналды. Өнер білімнің газет бетінде насихатталуы: «Газетімізге қай тілмен болсын жазылған сөздер, хабарлар алынады. Газетамыздың көп мақсұдының бірі: басқадан да алып, өзімізде барын да жиын қазақ тілінің бетін жөндеп, жолын ашпақ, сондықтан қазақтың мақалдары, жұмбақтары, тақпақ сөздері, билерінің, шешендерінің айтқан сөздері, басылмаған өлеңдер, қиссалар – бәрі де қабыл алынады. Басылмай қалған сөздер қайтарылмайды» («Қазақ» газеті, №1, .1913 жыл 2-ақпан) «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" деп қойдық. Ұлтымыздың көз қуанышына айналған "Қазақ" газетінің сол кездегі жаңа қадамына көзі ашық қазақ баласының барлығы қуанды. Осы қуанышқа орай Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қазақ" газетінің шығуына байланысты "Қазақ құтты болсын!" деген өлеңі басылды. Газеттің ішкі және сыртқы жаңалықтарымен қатар, бұрынды-соңғы әрі сол заманғы белгілі тұлғалай жайлы да мәліметтер беріліп тұрған. Ақпанындағы «Қазақ» газетінің санында «Дума маңайында неге кісіміз жоқ» деп жазған Ахмет Жанталиннің мақаласы жарық көрді. Зиялылар «Реседегі Думада қазақ болмағасын, ондай жоғары мемлекеттік билікте қазақтың мүддесі де айтылмайды» деген мәселені көтерді. Мыңда тоғыз жүз он төртінші жылы газеттің елу бірінші санында Міржақып Дулатұлының "Абай" атты мақаласы жарық көрді. Мың тоғыз жүз он бесінші жылдың қаңтарынан бастап "Қазақ" газеті аптасына екі рет шыға бастады. Газет арқылы Алаш зиялылары да сол кездің аумалы-төкпелі шақтарында қазаққа пайдалы ақыл кеңес айтып, қоғамды дұрыс жолға бағыттауға тырысты. Мәселен, он бесінші жылғы газеттің алғашқы санындағы мақалада қазақ жастарының солдатқа баруы маңызды екені туралы да жазылған. Алаш арыстары қазақтардың әскери тактиканы меңгеріп, ел қорғанысының қыр сырын меңгергенін қалаған.
1913 жылдан бастап Қазақстандағы азаттық қозғалысының «Қазақ» газетінің қызметіне байланысты жаңа кезеңі басталды... «Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, қозғалыстың және болашақ «Алаш» партиясының баспа органы болды.
Феруза Насипкалиева
Әл Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің