«Қазақ» газетінде өнер, білімнің насихатталуы

«Қазақ» газетінде өнер, білімнің насихатталуы
жеке
блог

ХХ ғасырдың басында кеңінен таралған әдеби, әрі мәдени басылымның бірі - «Қазақ» газеті деп, еш қателеспестен айта аламыз.

 Газеттің ең алғашқы шығарылымы мың тоғыз жүз он үшінші жылдың екінші акпанында жарық көрді. Басылым қазақ тiлiнде жазылды. «Қазақ» газетінің бірінші редакторы заманының заңғары, ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Екінші редактор жұмысын Міржақып Дулатұлы атқарса, Мұстафа Оразаев бастырушы қызметінде.

Тұсауы кесілген жылы жеті күнде бір рет жарық көрсе, екі жылдан кейін яғни мың тоғыз жүз он бесінші жылдан бастап аптасына екі рет шығып тұрды. Жалпы тиражы үш мыңға жетті, тіпті кей деректерде сегіз мыңға жеткені жайлы ақпараттар кездеседі.

Газетте өткен ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне , басқа елдерімен қарым - қатынасына, оқу - ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет , әдет - ғұрып, салт - санаға, тарих пен шежіреге арналған мақалалар жарық көрді.

Сонымен қатар «Қазақ» газеті өнер- бiлiм жағынан қалың қазаққа бас- көз болды. Оған мысал ретінде «Оқу жайлы» , «Қазақша оқу жайлы» атты мақалаларды айта аламыз. Мақалалар да өнер- білімнің мән- жайын, маңызын жеткізді. Әсіресе, қазақтың шаруасына бір жақтан надандықтан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып , елдігінен , теңдiгiнен калдырып , тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс екені айтылды.

Оған қоса, мақалалары бір сарында болмады. Алғашқы жылдары оқу-білімнің маңызы жайлы ақпарат берілсе, келесі жылдары бастауыш мектептеріінің қажеттілігіне тоқалды. Себебі, редакция алқасы білімнің таусылмас кен, оқудың білім бұлағы, білім өмір шырағы екенін ерте түсінген. Сол үшінде, ұлт қамын ойлап өнер білімге басымдық берді.

Мақаламның соңында қазақ газетінде өнер мен білімнің елге насихатталғанын оның әрбір жазылған шығарылымынан ұғынуға болады деп ойлаймын. Әрбір шығарылған мақаладан, халық өзіне қажетті ақпаратпен алмасып,өмірге деген көзқарасын өзгертіп, саяси сауатты болып, әрі өзіне керекті білімді алып, қазақтың небір тума таланттарымен танысып, ұлт зиялыларының елге деген жанашырлығын сезіне алды деп білемін.

Бекарыс Серік

Әл Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университетінің

студенті