"Қазақ" газеті тақырыбын арқау еткен ашық сабақ өтті

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде «Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің аясында «Қазақ» газетіне 100 жыл толуына байланысты филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің доценті Мектептегі Аманқос  ағай 101 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Қазақ халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қоғам қайраткерлері, алаш алыптары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхановтардың бірігіп шығарған мақалалары, алмасқан хаттары хақында көрініс қойылды. Сегіз қырлы бір сырлы дарын иесі Мади Ахметов Ахмет Байтұрсынұлының, Асыл Ерзат Міржақып Дулатұлының, Балымбетов Бөкенбай Әлихан Бөкейхановтың  рөлін тамаша  сомдап шықты. «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларға талдау жасалды. Ашық сабақта  слайдтар, видеороликтер сынды көрнекіліктерді  пайдаланумен қатар, 101 топ мүшелері өз білімдерін шыңдау үшін Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне де барып қайтты. Дарынды жас ақын Асыл Ерзаттың  «Ахмет Байтұрсынұлына» арнауымен, топтың өзге мүшелері Әбдіқадыр Еңлік, Абылқасым Іңкәр, Байғожина Жансая, Рысқұлова Гүлім, Қарасаева Нұргүл, Жолымбетова Рупия, Қыдырханова Ақжарқын, Әбзелбек Шынар сынды талапты жастар  қазақ елі, жері жайлы керемет өлеңдермен ашық сабақты қыздыра түсті. Келе салып көзге түсіп, мультимедиа саласында жұмыс жасап жүрген, ашық сабақта слайдтың барлығын реттеген Аққайыр Жадыраны айтпай кетуге болмас.  Ашық сабақты басынан аяғына дейін жүргізген дарынды студент  Джакупбаева Гаухарды 101 топтың модераторы деп атауға да болады.  Сабақты талантты әнші жігіт Балымбетов Бөкенбай «Дайдидау» әнімен тәмамдады.

Ашық сабаққа 101 топтың эдвайзері Әйгерім Болатқызы қатысып тілектерін білдірді, ұсыныстарын айтты. Жалпы, оң бағасын берді. Осындай қызықты ашық сабақ өткізуімізге ықпал еткен Аманқос ағайымызға алғысымыз шексіз.  



Бөлісу: