Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен болашағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеу университет бағытына бет бұрғаны туралы университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтің баяндамасында айтылған болатын. Осының негізге ала отырып университеттің ғалымдары мен зерттеушілері қарқынды жұмыс жасап келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2023 жылдың 9 ақпанында танымал ғалым, фольклортанушы, филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Советхан Баянұлы Тілеубаевтың 60 жылдығына арналған «Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қазақ фольклористикасының зерттелуі туралы келелі ойлар айтылды. Дөңгелек үстелге елімізге белгілі әдебиеттанушы ғалымдар мен студенттер қатысты. Қазақ әдебиетінің даму бағыттары және қазіргі қазақ әдебиетінің жай күйі туралы көптеген баяндамалар жасалды.

Дөңгелек үстел аясында төмендегі мәселелер талқыланды:

1. Қазақ фольклорының даму кезеңдері мен тенденциялары
2. Фольклор және әдебиет
3. Қазіргі фольклордың жанрлық жүйесі
4. Фольклорды оқыту әдістемесі.

Конференция соңында елімізге белгілі ғалымдар мен жас зерттеушілердің пікір алмасуы мен дөңгелек үстел форматындағы талқылауға ұласты. Қазақ ғылымының дамуы мен өркендеуіне үлкен өзгеріс алып келетін осындай конференциялардың жиі өтуі – университет басшылығының оң бастамасы деп білеміз.

Мамбетов Жолдасбек Ормаханұлы, доцент, ф.ғ.к.
Шегебаев Айбек Маратулы, аға-оқытушы, магистр



Бөлісу: