Қазақ эстрадасындағы мотивациялық әндер
блог
Эстрадамызда жылаңқы әндер көп екенін менсіз де білесіздер. Әндер ғана емес, өлеңдер де жетіп артылады. Әсіресе жас қыздарда осы тенденция байқалады. Бірақ оларға кінә тағып қайтем, өзім де бұрын сол қайғылы махаббатты жырлап, көптеген жылаңқы өлеңдерді құшып жүргенбіз. Бұның салдары неден пайда болатынын білмеймін. Бәлкім, қоғам соған тәрбиелейтін шығар, бәлкім өмір шынымен сондай шығар... Короче, мен бұны мыжи берсе ешқашан таусылмас.
Қазақ эстрадасында адамды өзіне сендіретін, бақытқа жетелейтін, өмірдің кереметтігін сездіретін әндер өте аз. Бірақ бар. Сіздер үшін сондай 11 әнді іріктеп отырмын. Бұл жеке менің көзқарасым және рейтингім, кішігірім ізденісім. Сондықтан, сіз білетін ән кірмей қалса және бұнымен келіспесеңіз де заңды. Тағы басқа мотивациялық әндер білетін болсаңыз, пікір ретінде қоссаңыз болады:
11-орын: Айқын - Таңым әнінде. Бұл ән таңмен жақсы көңіл-күйде тұрып, күннің көңілді өтуіне мотивация береді.
10-орын: Бейбіт Сейдуалиева - Бір үміт және оның "Бір бақытқа сенемін" әндеріне беріледі.
9-орын: Rin'Go тобы - Бақытың қасыңда және "Бақытың тосады алдан" әндері
8-орын: Бионик - Керемет әні.
7-орын: Бекболат Тілеуханов/Ринат Гайсин - "Ағайынды" фильміне саундтрек
6-орын: Жазира Байырбекова - Армансыз күнім болмайды
5-орын: Алишер Каримов - Бақытың өз қолыңда
4-орын: Ерболат Құдайбергенов - Біздің жігіттер
3-орын: Ақылбек Жеменей - Алға, қазақ жігіттері!
2-орын: Мадина Сәдуақасова - Ақ тілек
1-орын: Роза Рымбаева - Ертеңіме сенемін
Ал Гран-При ел арасында кең таралған Мұхтар Шахановтың "Сен жыладың, жігітім" өлеңіне беріледі. Бірақ бұл ән емес. Бәлкім күндердің бір күнінде бұған да Ерболаттың "Мен - қазақпын!"-ындай керемет әуен жазып қалар:-)