"ҚАЗАҚ" деген аурудан қалай айығуға болады?

Біз – қазақтар асқа ерекше құрметпен қарайтын халықпыз. Қонақ келсе қой сойып, асты бабымен әзірлеп, алдына бас қоямыз. Осылайша, қонақты қаншалықты құрметтейтінімізді ас арқылы да дәлелдейміз. Осы орайда, асты бар ынтасымен әзірлейтін қолдары алтын аналарымыздың еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Ауылдың қара қазанында әзірленген бешбармақтай тағамды Француздың бес жұлдызды мейрамханасынанда таппайтын шығарсың, сірә. Қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат - дәмі тіл үйірер қазақтың дәстүрлі тағамдары. Бұл тағамдар қарынды тойдырып қана қоймай, денсаулыққа да пайдасы мол. “Ас адамның арқауы”, - дейді ғой, дана халқымыз. Алайда, бұл айтылғандардың бәрі өткен ғасырда қалып қойды. Осыған келісесіз бе?

Ал, енді қазіргі заманға келейік. Осы орайда өзім пайымдаған қазақтардың 1 күндік ас ішу кестесін ұсынып көрейін:

Сағат таңғы 800. Балаларды ұйқыдан тұрғызып, жуындырып, киіндіріп жүріп асты да дұрыс іше алмаймыз.

Түскі ас. “Жұмыстан бірдеңе жей салармын” деген ой бәрінде болады.

Кешкі ас. Сағат 1800-де жұмыстан шаршап, оның үстіне қарныңыз да ашып келеді. “Әй, осы бүгін дұрыстап тамақтанайықшы”, - деп қарын тойдыратын ауыр ас әзірлеуге кірісесіз (манты, бешбармақ, палау).

Осылай өткен әр күн адамның асқазан-ішек жолдарына ауыртпалығын түсірері анық. Тамақтанып болып серуендеп келсеңіз бір сәрі ғой. Бірақ, біздікі керісінше, барып теледидардың алдындағы жұмсақ креслоға жантая кетеміз. Осылай қайталанып ай өтеді, жыл өтеді. Содан кейін сізге панкреатит пен холецистит деген аурулар қонаққа келеді. Ал, енді одан айығып көріңіз...

Осы екі ауруға “Қазақтың ауруы” деген атты беруді жөн санадым. Неліктен олай атағанымды осыны оқып отырған адамдардың 90% түсінер деген ойдамын. ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ!

Жалғасын келесі жазбамнан күтіңіз...



Бөлісу: