Қараңғы қазақ көгіне!
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?!-деп жырлап еді кезінде Торайғыров ағамыз.Ол өзінің отыз жылдық қысқа өмірінде қызмет етіп кетті еліне,бұл қырық жасында қора салмағандарға үлгі боларлық іс.Кезінде надан қазақты қараңғы өмірден құтқарғысы келіп,түннің артынан күн шығарғысы келген,сол жолда аянбай қызмет еткен азаматты мақтан тұтып айтсам,артық емес шығар,бәлкім...
Қазіргі замандағы қараңғылық десек,тіл мен діннің өзі басымызды қара жерге бастыратын бөлек мәселе.Айта берсең, толып жатыр.Ал мұның бәрі тікелей адамдарға келіп тіреледі.Адамдардың сана-сезімінің төмендеуі-бір аянышты жағдай. Біздің жануарлардан айырмашылығымыз-сана-сезімімізде.Демек,адам жануардан жоғары сатыда тұрмақ.Дей тұрғанмен,дәл осы уақыттағы адамдардың сана-сезімі жануарлардан төмен бе деп ойлап қаламын кейде. Бағдарымыз осы мәселе.Адам тәрбиені өзінен бастаса,басқаларға жол сілтей алады.Ең бірінші, өзінің сана-сезіміндегі қараңғылықты өшіріп,шырақ жағудан бастаса,алысты аңсамай... «Алыс» дегенім-қоғамды жандандырып,өзіндік орын қалдыру.Ал оған жету үшін алдымен өзіміздегі шырақты жағудан бастасақ...