Қазақ болу өз қолыңда...!!!

Қазақ болу өз қолыңда...!!!
жеке
блог

     Ақтөбе қаласының теміржол вокзалында Роза Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» деген өлеңін тыңдап, ыңылдаааап жұмысын жасап қосыла айтып жүрген, жасы шамамен 40-қа таяп қалған бір орысты көрдім.

  -Мынау Роза Әлқожаның өлеңі ғой ? –десем,

  - Иә, музыкасы да, даусы да күшті, жақсы көремін осы өлеңді,-деп қояды қазақшалап....

   Жалпы өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлеп, кеудесін керіп «ҚАЗАҚПЫН» деп жатқанын көрсем ішім жылып, жаныма жақын тартып, бауырымдай көремін. «Өзгелерде» да біз «өзгеше» сайрағанда сөйтеме екен, білмеймін...?! Бірақ олар үйреніп те кеткен шығар, иә???...Таңқалмайды ғой , тегі..

   Мен аралас мектепте оқимын, баласы саны аз болса да, 12 ұлттың өкілі бар. Соның бірі – Иванько Елена. Бойында жеті ұлттың қаны болса да, өзін «МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН» дейді...Бойында қазақтың қаны болмаса да қазақша сайрайды ол, қазақша өлең жазады, болашақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі...Екеуміз бір кездескенде осы «ұлтымыз» жайлы әңгіме айтқан болатынбыз, сонда Елена:

 - Құндыз,  білесің бе, мен Қазақстанда тұратындықтан өзімді қазақ сезінемін, өйткені көзімді ашқалы көріп келе жатқаным осы ел, осы тіршілік қой..Осы елдің барлық азаматтары қазақ тілінде сөйлеп, ұлтты құрметтеуге міндетті емес пе?!..Бірақ бір арманым бар, барлығымыз тату болсақ, ешкім ұлтымызға қарап бөлмесе, шеттетпесе ғой...-деді... Мен ойланыыыып қалдым шынымен..Себебі, ойланатын дүние расында...

    Бірде ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жұмалы Есмағанбетов атамен сұхбаттасқанымда:

   - Мен өзім қазақ деген сөздің мағынасын былай түсінемін...(Ата қолына қаламды алды да, қағазға сызба сызды.)

       АНА                                                           ҚАЗАҚ    

       НАН  

       ӘКЕ  

       АТА  

- Балам, АНА деген сөзді былай оқысаң да АНА, былай оқысаң да АНА. Анаң құдіретті ма? 

- Иә, -дедім.

- Нанды былай оқысаң да НАН, былай оқысаң да НАН, құдіретті ма ? 

- Иә, -дедім басымды изеп.

- АТАны да былай оқысаң да АТА, былай оқысаң да АТА, атам құдіретті емес деші?

- Айта алмаймын

  - Бұл үшеуінен құдіретті сөз бар ма? Ал, енді қазақты былай оқысаң да ҚАЗАҚ, былай оқысаң да ҚАЗАҚ. Қазақта мен үшін дәл сондай құдіретті. Алдыңғы үш сөз адамның санасына қалай әсер етсе, ҚАЗАҚта солай әсер етеді, -деген еді.

 

   Құдіретті халықтың ұрпағымыз ғой, біз деген...Бала күнімде «Адам боп келдім өмірге, адам боп кету арманым» деген сөзді өзгертіп, «Қазақ боп келдім өмірге, Қазақ боп кету арманым» дегенімді есітіп анам:

- Адам тілін, дінін өзгертуі мүмкін, бірақ ұлтын ешқашан өзгерте алмайды,-деген еді.. Қазақ болудан қашатындарға айтарым: Өздеріңнен өздерің қашып, қайда барайын деп едіңдер???

     Ең бастысы мен ұлтымды сүйемін! Мақтан тұтамын! Әрбір Қазақ Сабыр Адайдың ғана емес, менің де ЖАЛҒЫЗЫМ... Сондықтан да, «Айналайын ҚАЗАҚТАР, айналаааайын сендерден!!!» дегім келеді...