"Қазақ болу Қазақ тілінде сөйлеуден басталады"
блог
Сәлем құрметті оқырман. Жақында "Қазақ болу Қазақ тілінде сөйлеуден басталады. Oсыған келіссең Қазақсың, келіспесең Қазақ емессің. Өзгенің құлысың... Бізге құлдар керек емес" - деген сөзге бір қарындасымыз бұнымен келіспейтінін "өзге тілде сөйлеп жүріп те Қазақ боласын" деген сыңайдағы пікірмен білдірді.
Біріншіден,құрығанда, Қазақ пен Қазақ қазакша сөйлемесе, бұлар биологиялық түрде Қазақ болмаса, Қазақтықтан мақұрым адамдар. Әрине мен қазақ тілін біле тұрып сөйлемейтіндер жайлы сөз қозғап отырмын. Мәңгүрттер жайлы сөз шығындағым келмейді...Мысалға, иттің мияулағанын, мысықтың үргенін, жылқының маңырағанын, я қораздың кісінегенін көргендерің бар ма? Егер солай боп жатса, бұл қандай жиіркенішті. Демек, әр мақұлықтың, әр пенденің Ана сүтімен берілген бір қасиеті бар. Ол - ұлт. Ал ұлттың бірден-бір басты ерекшелігі - тіл.
Екіншіден, өзге тілде сөйлегенің - өзге ұлттың алдында төмен тұруың. Елестетіп көріңізші: мысалға адамдар аузындағы тілін алмастыра алатын болса. Сақаулар тілі барлардан, тілді бірер минутка сұрап алып, өз ойын жеткізіп жатса. Демек сақау адам, тілі бар адамға мұқтаж. Біреуден тіл сұрамаса, өзі сөйлей алмайды. Бұл жерде Қазақ кұдды сақау сияқты. Өз тілі бола тұра, орыстан тіл сұрап алып сөйлеп жүр. Мен орыспен орысша сөйлескенде өзімді одан төмен санаймын. Себебі онымен сөйлесу үшін мен оның тілін үйрендім. Ал орыс менімен тілдесу үшін Қазақ тілін үйрене ме? Осыны неге ұқпайсыңдар? Қашанғы ез, кұл, бодан болып төменшіктей береміз? Бір елдің мәртебесі оның тілінің мәртебесінен-ақ белгілі. Тілінді жоғалтсаң, ұлтыңды жоғалтқаның, ұлтыңды жоғалтсаң, ұлан-айғыр мына жерден не пайда? Казақша сөйлей білмейтін менің талай досым бар. Бірақ маған ұлт тағдыры одан да жоғары. Сондықтан да, Казақ тілін үйренгісі келмей, онымен қоймай "ол бизге не надо" - деп әкіреңдейтіндерге айтарым: "Казақстан - сендерге арналмаған ел", қай тілде сөйлегілерің келеді, сол елге барыңдар. Казақтың қамын жемейді екенсіңдер, оның нанын да жемеңдер.
Біз әлсіз ел болмау керекпіз, достарым. Ресейде орыс тілін білмесең, өмір сүре алмайсың, Англияда ағылшын тілін білмесең, нан жей алмайсың, Италияда итальян тілін білмесең, далада каласың, мына тұрған тіпті Өзбекстанда өзбекше білмесең, өзбек "әкәлар" сені маңына жолатпайды. Ал бізде ше? Бізде? Казақ тілін білмей-ақ қой, тіпті естімей-ақ кой, орыс я ағылшын тілін білсең болды, ебін тап та шалқайып жүре бер. Саған жұмыс та, байлық та, бәрі де табылады Апырмай, сонда біздің елдігіміз қайда? Намыс қайда? Қан қайда? Анау тұрған өзбек құрлы болмағанымыз ба?
Өзге ұлт Казақ тілінде сойлеп қайтсін, егер арамызда сорлы мәнгүрт Казақтар, "Казақ тілі зачем" деп кері тартса?
Достарым және ұлт жанашырларым! Сендерге айтарым, намысымыз барда, өзіміз әуелі Казақ тілінде сөйлейік. Содан соң өзгелерді де сөйлетеміз. Айдын-күннің аманында намысты қолдан бермейік.
Ағылшын, орыс тілін үйрене бер! Одан құр калма! Себебі білім соларда. Бірақ сөйлесең Казақша сөйле!
Қазак қазақпен қазақша сөйлес. Аузыңдағы тілді пайдалан, мәнгурт болма. Атыраудағы Рэнко Кат компаниясының италиялык президенти: Әлемнің 130 елінде болдым, соның ішінде өз тілі бола тұра, өзге тілде сөйлеген Қазақ сияқты бейшара халықты көрмедім",- деген сөзі бар. Бейшара болғың келмесе, Казақпен Қазақша тілдес. Бейшара болғың келеді екен, Қазақпын деп айтушы болма. Қай тілде сөйлейсің, сол ұлттанмын де.
Автобустарда, кеңселерде, көшеде орысша сөйлеген қазаққа немесе орыска қазақша жауап бер. Себебі сен Қазақстанда тұрсың. Егер түсінбей жатса, орысша аудармасын айтып бер. Олар да Қазақша үйрене берсін. Себебі сенің тілін олардың тілінен кем емес:
Шекспирдің бүкіл шығармашылығы 15 000 сөзден құралған, Байронда 15 000, Пушкиннің шығармашылығында 21 000 сөз, Науаида - 26 000 соз, ал Мухтар Әуезовтың жалғыз "Абай - жолында" - 16 893 сөз бар. Мен Алпамыс, Кыз-Жібек, Кобыланды жырлары жайлы айтпай-ак кояйын...
Осындай бай тілім бола тура бейшара, тыртық-жыртық, мүсәпір құсап өзге тілде сөйлеп нем бар?
Ойлан хәм қимылда!