Қазақ айтады...

"Біздің жігіттер" әні шыққан. Ерболат айтқан. Өзім сол бір кеудесоққан, ұран әнге жүйкем жұқарып жүрген ғой. Сөйтсек, біздің бір таныс кісілер, достар, қыздар оны "Нағыз патриоттық ән!" деп салды. Жарайды енді...

Бір кездердеееее ғой, қоян күннің, айдың, жұлдыздың суретін салып қасқырға көрсетеді дейді, кірпі байғұс келіп, өзінің керемет пейзажын көрсеткен ғой, сөйте әлгі қоян "Көкжиек сағасы қисықтау ма, қалай?" дей салыпты. Сын осылай туады деген бір болжам аңыз бар. Жарайды, енді...

Сосын, сосын бір кісі да, өз ортасында өзін өте биік ұстайды. Шамадан тыс. Ол болса биіктікті өзінің бойымен байланыстыратын көрінеді. Сол биік бойлы аруға бойы жетпейтін болғандықтан ешкім де сөз салмайды екен. Ол сөйтсе, үйіне барып алып құдайдың құтты күнінде жылап-сықтаумен өткізеді екен...

Шеше деді біреу, жар деді біреу... Екеуін де таңдамай карьера қуып кетті... Пендешілік деген осы шығар, ә!

Тойға кешігіп барады депті ғой, тойға ерте барса қазақ болмай қала ма сонда? Осындай су-қаным сүймейтін жалған стереотиптерді бұзғың-ақ келеді, ска!

Қазақ айтады: "Жақсы сөз жарым ырыс". Тағы бір сөзінде: "Жаман айтпай жақсы жоқ"... Түсініп көр!

Қазақ айтады: "Қатынды бастан, баланы жастан". Оттапсың! Ол өз жарыңды ұр деген әңгіме емес. Бастан деуі басынан бастап деген сөз. Жалпы осы сөзге мен қосылмаймын. Психолог мамандар айтады екен жоқ! сенімсіз болып қалды ма,  онда басқаша айтайын, ОДИН БРАТ СКАЗАЛ... әйелді қайта тәрбиелеу дұрыс емес дейді. Ол оның тектілігіне, тәрбиесіне қатысты... Сол үшін ойлануға тура келеді.

Қазақ айтады: бірақ қазақ айта береді ғой... Осымен доғарайын... Айтқым келенін айтып алдым, рахмет саған Массагет! 



Бөлісу: