Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде "Қазақ аруы-2017" сұлулық байқауы өтетіні бәрімізге мәлім.Сұлулық байқауы осымен жетінші рет өткізіліп отыр, оның үшеуі Астана қаласында өтті.Биыл алғаш рет «Қазақ аруы» байқауына Виктория Петрова есімді ару қатысатыны жария етілді. Бұл бәріміз үшін қызықты болғаны анық.
Байқауға қатысатын аруларға қойылатын талаптар - қазақ тілін жетік меңгеру, сұлу, ақылды және талантты болу, бойы 170 см-ден жоғары, салмағы - 53 келіден артық болмау керек. Сондай-ақ онда 16-22 жас аралығындағы қыздар бақ сынайды.
Еске сала кетейік, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы атыраулық Альмира Ахатова болған еді.
Ал биылғы жылғы жеңіс Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұргүл Асановаға бұйырды.
Бірінші орынға Қызылордалық Зуxра Сайпи иелік етсе,
Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова түйіндеді.
Жеңімпазымыз Нұргүл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің студенті еді.