Қазақ аруы - 2014

Қазақ аруы - 2014
жеке
блог

Осы уақытқа дейін жалпы "шоу" дейтін дүниені мүлде қарамайтын едім. Жақтыртпайтын едім. Анау "Қазақ ауры" дейтінді мүлде көрген емеспін. Тек халықтың құлағы мен көзі -газеттен ғана көріп жататынмын. Оның өзінде тек қорытындысын. Суретке түседі келіп енді. Әдемі-ақ! Журналситерде сөздің майын тамызып отырып жазады ғой келіп... Сол ауыздың суын құртқан Б.Е-ның "Қазақ аруы-2014" байқауын биыл бір қарадым. Қарауыма себеп: бауырым, Сәкен Есенгелдиевты көрейін деп, рол сомдап шыққан, соны қарайын деп. Ал, басталды. Жанатбек пен Сырым.Жанатбектың осы киіп шыққан костюмын осымен 3-рет қатарынан көрдім. Баян апайымыз жүргізушілердің киіміне назар аударуды ұмытып кеткен секілді. Сахна да қалыпты безендірілген.
Құдай-ау! Тағы "Кешyou"! Әнді айтуға шебер-ақ. Бірақ, осы жолы киіп шыққан киімдерін түсіне алмадым. Денесіне сонша жабыстырып киіп шыққаны ерсі емес пе? билері де...Бізде ғана "құйрық" бар дегендей көрсетіп тұрып биледі ғой. Жақсы оған да көндік. Баянның шашбауын көтергендер ғой. 21 ару. 7-7-7! киелі жетінің киелі үшпен үш рет қайталануын жақсы ойлапты. Бірақ, арулар киелі дүниеге сай бола алды ма?! Жоқ! Мүлде! Бұл да ШОУ! Енді қараңыз, өнер көрсетті арулар кезек -кезегімен. Шетелдің әндері мен билері. Қазақшасы жоқ деп айтпаймын бар. Нұрсұлтан мен Ерке келіп тағы қосылды. Төрт бірдей,білдей жүргізуші жүр. Ал сахна енді жанбай қайтсын! Домбыра тартқан қызды айтам, киелі дүниені аяғымның үстіне қоямын-ау деген ой болмады ма... саны жылтырап көрініп тұр. Қу ағашты аядым. 
Кезек сұрақтарға келді. Ұлттық дәстүрден сұрақ жасаған түрлері. Оңай , өте оңай сұрақтар. Оның өзін жаттап алған арулар. Бірі ойланып толғанып жауап бергенін көрген жоқпын. бәрі дайын келген. Ақшаның саясаты тағы ойнады. Әйтпесе, Мұқағалидың өлеңін жатқа оқыған қыздан алтын тәжді алған қыздың шығыс биін билегені артық па?!... 
Аты білдей "Қазақ аруы" Қазақтың аруы қандай болу керектігін көрсеткен біреуін көрген жоқпын! Халтураның желі есті де тұрды. 
Келесі жылы "Қазақ аруы 2015" емес, "Қазақтың "современный" аруы-2015" деп қою керек.