«Қазақ әдебиеті» газеті

ХХ ғасырда «Ауыл тілі», «Жұмысшы», «Ұлан» сынды газеттерінің жалғауын жалғап, қазақтың төл баспа сөзін өркендете түскен газет «Қазақ әдебиеті» газеті. Өзіндік ерекше мазмұны бар газет бүгінде 87 жылдық тойын тойлап отыр. Осы күнге дейін басылым қанатын жайп, өмір сүруін тоқтатпаған. Басылымның  алғашқы редакторы Ғабит Мүсірепов болса, ақылдастар алқасында Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов сияқты ұлт қайраткерлері қызмет атқарған.

Газеттің алғашқы санындағы «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алып, маңдайша сөздерінен оның мақсатын айқын аңғарамыз. Бұл санда “Үлы дәуірге үлкен әдебиет” атты бас мақала жарияланған. Оны Ғабит Мүсірепов жазған. Соңдай-ақ Сәкен Сейфуллиннің “Кезекті істерім” атты толғауы, Ілияс Жансүгіровтің “Колхоз айтысы” өлеңі, Бейімбет Майлиннің “Сары май” әңгімесі, Саттар Ерубаев пен Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері, Тайыр Жароковтың “Менің журналым” атты мақаласы жарық көріп, жұртты бірден елең еткізген.

Жазушылардың жаңадан жазып шыққан шығармаларын сиясы кеппеген күйінде оқырмандарына таныстырып отыру үрдісі «Қазақ әдебиеті» жарыққа шыққан алғашқы күңдерде-ақ бастау алған. Газет бетінде Ж.Саинның, А.Тоқмағамбетовтың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың, Т.Жароковтың, С.Омаровтың, Д.Әбілевтің, Ш.Құсайыновтың өлеңдері, әңгімелері, пьесалары жиі жарияланып тұрған. Аталған авторлар үшін бұл басылым шыңдалу мектебі болып, қанаттарының қатаюына әсер еткені даусыз.

Жалпы “Қазақ әдебиеті” газетінің алғашқы жылдарында да, кейінгі кезеңдерінде де өзекті мәселелерді талқыға алып, оқырмандары басым болғанын айқын аңғаруға болады. Ә дегеннен-ақ газет беттерінде тарихи, танымдық-әдеби зерттеулер жиі басылған.

“Қазақ өдебиеті” газетінің алғашқы жылдарында оның беттерінде қазақтың көрнекті жазушысы Мухтар Әуезовтің ғылыми-өдеби зерттеулерін, басқа мақалаларын көптеп жариялағанын көруімізге болады. Автордың “Қырғыз дастаны — Манас”, “Қазақтың халық музыкасы жөне музыка театры”, “Қазақстанның көркем өнері”, “Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар” атты мақалалары өз кезінде оқырмандардан лайықты бағасын алғандығы айқын.

 Газетте “Кітап сыны” (кейіннен “Редакция”), “Библиография”, “Жаңа кітап”, “Редакцияға хат”, “Әдебиет хабарлары”, “Соңғы жаңалықтар” деген айдарлар болған. “Кітап сыны” айдары бойынша баспадан жаңадан шыққан кітаптар туралы қаламгерлердің өздерінің ұсыныс-пікірлерін, көзқарастарын білдіріп тұрған. “Библиография” айдарымен берілген шағын материалдарда жаңадан шыққан кітаптардың мазмұнымен таныстырып отыру дағдысы болған. Ал, оқырмандардың күнделікті өмір ағымындағы өздерін елең еткізген жайттарға көзқарасы “Редакцияға хат” деп аталатын айдар бойынша берілген.  “Жаңа кітап” айдары бойынша оқырмандар қауымын қазақ мемлекеттік көркем өдебиет баспасы өнімдерінің тізімімен таныстыруды өдетке айналдырған. Ал, өдеби өмірдің елең еткізер жаңалықтары туралы қысқа ғана қайырыммен “Әдебиет хабарлары” деген айдарымен бірлесе, “Соңғы жаңалықтар” айдары бойынша туған өңірінің өр түрлі салаларындағы өзгерістері туралы ақпараттар беріліп тұрған.

Сонымен қатар «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы мен редакция жұмысшылары ұжым маңына жас қаламгерлердің де еңбектерін жариялап отырған. «Қазақ әдебиеті» газеті үнемі жас талапкерлердің сөз алыстарына ерекше мән беріп, олардың қаламдарының ұштала түсуіне, қанаттарының қатаюына септігін тигізіп отырған. Осыған газет алғашқы жылдарда-ақ нақты көңіл бөле бастаған. Атап айтканда, Қасым Аманжолов “Көп оқып, үйреніп, жақсы жазайық” атты мақаласында “Біздегі бір қалмай келе жатқан әдет — қалай болса солай құрастырылған, аяғы үйлестірілген қара сөзді өлең деушілік. Өлеңнің қасиеті оның аяғының үйлесуінде емес, мазмұнында, іші-сырты бірдей келген көркемдігіне екенін ұмытпау керек” деп сол кездегі қолына қалам ұстағаңцарға тән ортақ кемшілікті көрсете отырып, оларға ақыл-кеңес айтады, өлеңнің киелі жанр екендігін ұғындыруға тырысады.

1937-1938 жылдарындағы Сталиндік солақай саясатының сол заманда күшейіп тұрған тоталитарлық жүйенің қылышынан қан тамып, қазақ зиялылары мен қаламгерлерін «халық жауы» атауымен өшкерлегенін жазып, газет беттерне басып отырған. Мысалы, авторы көрсетілмеген “Әдебиеттегі троцкішіл-булгариншіл ұлтшыл фашист зиянкестерін жеріне жете құрту керек” деген мақалаларда І.Жансүгіровтің, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің ұлтшылдығы сыналады.

Кейін, 1940 жылдан бастап еліміздегі экономикалық, өлеуметтік, саяси мәселелерге байланысты “Қазақ өдебиетінің”  шықпай қалғаны белгілі. Қазақ халқының арына да, нөріне де айналған басылым 1955 жылдың 14 қаңтарында дүниеге кайта келді. Газеттің жаңа саны жарыққа шыққаңда бұл оқиғаны қаламгерлер ғана емес, бүкіл жұртшылық қуанышпен қарсы алғаны байқалады. Еліміз бен жұртымызды қуанышқа бөлеген бұл нөмірде бастан аяқ газетке құттыктаулар мен сол мағынадағы жылы лебіздер жарық көрген. Кеңес жазушыларының Бүкілодақтық екінші сьезіне қатысты мақалалардан өзге жарық көрген материалдардың бәріне дерлік осы бір елдің өдеби өміріндегі елеулі оқиғаны тілге тиек еткен.

«Қазақ әдебиеті» газетінің 1955 жылғы қайта шыққан кезеңінен редакцияға қызмет атқарысқан, кейіннен осы газеттің бас редакторы болған, қазіргі белгілі жазушы, ғалым, профессор Н.Ғабдуллиннің, газет редакторының орынбасары болған көрнекті жазушы С.Шаймерденовтің, айтулы ақьщдар М.Әлімбаевтың, А.Шамкеновтің сіңірген еңбектері ерекше.

Жалпы, жазушылардың төл басылымы “Қазақ әдебиеті” газеті тоқырау жылдарында да, қайта құру кезеңінде де іркілістерінен ізденістері көп болғандығы айқын көрінеді. Ең бастысы, бұл газет ешқашан да оң жолынан таймайды. Қандай алмағайып кезеңдер басынан өткерсе де, адал сөйлеп, мансабының биік тұғырынан дабырайған жалған даңқтар мен жалған беделдер алдында жалпылдамай, жалтақтамай, мәймөңкелемей, шындықты тура айтты. Осы кезеңдері “Қазақ әдебиеті” газеті 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ақиқатын айтудан да шет қалған жоқ. «Желтоқсан жаңғырықтары» атты айдар бойынша аталмыш оқиғаға бес жыл толуына орай көптеген публицистикалық дүниелер жарық көрді. Әсіресе, бұл орайда Коммунар Тәбейдің, Армиял Тасымбековтың публицистикалық дүниелерін жариялап, талай шындықтың бет пердесін ашып берді. Сөйтіп, “Қазақ әдебиеті” газеті қай заманда да ұлт туын берік ұстады, халқына қалтқысыз қызмет етіп, әдеби өміріміздің айнасы, халқымыздың рухани ұстазы болды. Алаш қаламгерлерінің көңілге түйін ойларын көркем кестелеген ұлттық газет қазақ елі төуелсіздік байрағын көтерген соңғы жылдары да парасатты ойлар арнасын кеңейтіп, көкейкесті мөселелерді кезінде қозғап, ұлт мүддесін жоғары ұстап, мемлекет іргесін бекітуге айрықша қызмет атқарып, әлі күнге дейін өмір сүруін тоқтатпай отыр.



Бөлісу: