Қазағымыздың мемлекеттік тіліміз жайлы салақтығы...

 

Бүін Өскемен қаласындағы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының, Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл жайлы мереке болады деп, таң атпастаң бүткіл қаланы дүрліктіріп, одан телеарнамызға келіп түскен осы жайлы хабарлама жасайық деп барған едік. Соған өкініп қалдық. Қайтып сюжет дайындаймыз? Қалай және не жөнінде жазамыз? Деп басымызды қасыдық...  

Діттеген жерімізге жетіп, дер кезінде келдік. Сол ғимараттың ішіне кіре бергенде, ішінде жан адам көірнбейді, тек күзетші ғана отыр екен.  Мереке қай жерде, қай залда өтеді деп сұрасақ, ол кісі білмейтін болып шықты. Сөйте тұра, он жақтағы зал есігіне нұсқады, ішіне кіріп, бос орындықтар менен тынышқтықты сезіндік. Біраз тоса тұрдық, ешкім келмеді. Біраздан кейін, он шақты студенттер менен мұғалімдер келіп орындықтарына жайғасты. Бір кезде, ұйымдастырушылар келді. Өздері мектеп оқушыларына ұқсайды екен, әмбе қазақ қыз-ұйымдастырушының өзі орысша сөйлеп, өзінше мереке жайлы сайрай берді. Мен оны тоқтатып, пресс-релиз сұрап едім, ол не нәрсе тағы? Деп маған таңқалған түрімен қарап қалды.  Жарайды деп, мереке қашан басталатының сұрап едім, қасындағы қазақ жігіт: -сейчас через пять минут, подождите пожалуйста! Деп бізді орындықтарға отырғыза берді. Одан сызылған бір жүргізушілер кіріп, біреуі әшки таққан қазақтың сұлу қызы екен, ал екіншісі қазағымыздың қара баласы: Армысыздар жиналған қауым, бүгінгі мемлекеттік тілімізге арналған мерекеге қош келдіңіздер! Деген-ді тұтығып, бес алты рет қайталап жіберді. Одан ортаға бұралған биші қыз шықты, оны жүргізушілер шақырған жоқ болатын, ол өзідігінен билей берді.  Біз бір-бірімізге қарап, қайда келдік өзі? Деп отырып қалдық. Одан тілдер басқармасы жүр екен, ұйымдастырушыларға наразылықтарын білдіріп, көңілдері қалып, есікті тарс етіп жауып шығып кетті. Одан, мереке жалғасы бимен, жүргізушілердің тіліміз жайлы, мән-мағынасыз жоқ оттаған сөздеріменен тарқастық...

Қоңыздай күңіренген қайран тіл десенші... 

 



Бөлісу: