Қазағымның қазынасы
блог
Мені алаңдататын мәселе - тіл мәселесі.Қазақ тіліміз.Мен өз мамандығымды шетел филология ғылымымен ұштастырып отырмын.Әзірге мектеп оқушысымын.Кішкентаймнын шет тілдерін үйреніп,күнделік жазуға құштар болып өстім, "кітапхана" деген әлемге кірдім.Ауылды жерге тұрған соң,қаладағыдай жағдай керемет емес,бірақ "ғаламторды" өз пайдама жаратуға тырысып жүрмін.Жарайды,әңгіме тақырыбына оралайық. Неге қарапайым қазақтарымыз өз тілінде сөйлегісі келмейді?
Менің ойымша мәселе мынада:
* Олар өз тілінің қаншалықты бай екендігін білмейді.
* Әдебиет,тарихтан бейхабар.
Осындай мәселені қозғап отырған мына мен неге "шетел филологиясын таңдап отыр" деп ойлайтын шығарсыз.Бұл мені де ойландырған.Мен шет тілдерін оқымас бұрын барынша ана тілімді үйренуге күшімді салудамын.Иә,мен білемін,сөйлеймін,жазамын,бірақ,мен қазақ әдебиетімен,тарихымен толықтай мектеп кезімде танысып үлгеруім керек (оны оқи берсең таусылмас,бастысы өзіме қажетті ауқымда үйрену).Қазақ әдебиетімен,тарихымен танысқаннан соң,ол жайлы керемет еңбектер жазу да менің мақсаттарымның бірі.Қазынамыз жайлы.Тәуелсіздігімізді алмай тұрып,біздің ғұлама,батырларымыз өздерін шет елдерге мойындата білген.Несімен? Көбінесе шығармашылығымен,дарынымен.Ал қазір,еңбек еткендер етуде,бірақ олаарды бағалау,танысу,іздену деген істер артта қалуда.Осының барлығы әдебиетімізге кері әсер ету үстінде.
Шет тілдерін үйрену маған өте қызық.Тіл үйрену,ол дәстүрін,мәдениетін,тарихын үйрену.Осы арқылы өз тілімді олармен салыстыра қарау,ерекшелігін табу.Оны өзгелерге таныстыру.Қазағыма көрсету "Міне сенің мынадай тілің бар! Мынадай қазынаң бар!" деп ұғындыру.Өз тілің бөлек,дәстүрің бөлек,сенімің бөлек болса сен қандай ұлтсың,ұли түгілі қандай толыққанды адам бола аласың?!
"Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте" міне осы менің ұраныма айналуда.Менің халқыма,еліме осы жағынан болса да септігімнің тигенін қалаймын.