Қаз-қаз, балам, қаз, балам...
блог
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат етіп өсіру халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы болып келеді.
Жарық дүние есігін іңгәлап ашқан нәресте ата-анасы мен туған ағайындарына зор қуаныш сыйлайды. Сәби – келер күннің тірегі, өмірдің жалғасы. «Қазақ халқы үшін баланың көптігі жақсы» дегендей, қазақ халқы ұрпақ жалғастығына аса мән беріп, сәбидің аман-есен дүниеге келіп, ел қатарына қосылып кетуіне тілекші болған. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың құрсақта жатқан кезеңінен бері жүргізілетін құрсақ шашу, шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндет той, тілашар тағы сол сияқты рәсімдерден бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламасының кезекті көрсетілімінде жоғарыда аталған тұсау кесу, тұлым қою, құлақ тесу, сүндет той, тілашар сынды дәстүрлер туралы толығырақ айтатын боламыз.
Бүгін СТВ арнасынан сағат 22:20-да жарық көретін "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарламаны тамашалаңыздар!
Қайталауы: жексенбі күні, 21 шілдеде сағат 19-00
Мұрағат: stv-online.kz
Редактор: Қазына Әбдіғапбар
Продюсер: Ғазиза Ұзақ
Дубляж: Шамшаддин Омаров