Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы, мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Кез келген қиын жағдайда адам баласы әртүрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып, күлкі сыйлауы мүмкін, ал, біреулер қиын сәтте материалдық тұрғыдан қол ұшын беріп, көмек жасайды.
Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс.
Бізде қолдан келгенше қайырымдылық жасауға ат салыстық. Екі баланың аяулы анасы Күләш апайымдың екі бүйрегі істен шығып, емделуге қаражатына жартылаай болсын Дінтану және мәдениеттану оқытушылары мен студенттері көмек қолын созды!
Барша жиналған қаражат Күләш апай мен жолдасы Жұмабекке табысталды.
ww. kaznu. kz