Жомарттық - адамзаттың ең асыл қасиеттерінің бірі. Бұл туралы Құран Кәрімде: " Мал-мүліктерін күндіз-түні, құпия және ашық түрде игілік үшін сарп еткендер бар емес пе, міне оларға берілетін сый Аллаһтың жанында. Олар үшін қорқу да, қайғы-мұң да жоқ"- дейді. (Бақара сүресі, 274)
Елімізде осындай азаматтардың баршылығы қуантады. Оң қолының бергенін сол қолы білмейтіндей жасайтын жомарт жандар бар. Біздің қордың міндеті қолжалғаушы болу.
Кеше Сөгеті аулында осындай іш-шараның бірі жүргізілді. Әлеуметтік педагогпен бірлесіп, көпбалалы және жағдайлары төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға материалдық көмек көрсетілді. Айта кететіні, материалдық көмек- өте сапалы Италия мен Бразилияда жасап шығарылған аяқ киімдер.