Қайыршының өмірі...

Қала. Ығы жығы халық. Əрбір адамның өз тағдыры өмірі болады. Соңғы уақытта көбейген қайыршылар. Қала көшелерінде,базарларда,халық көп жүретін орындарда біреуі қарт əже мен ата болса кейбіреуі мүгедек арбада отыратын жандар,емшектегі құндақталған баласымен отыратын əр түрлі жастағы алақан жайып қайыр сұрап отырған аналар. Осындайларды көргенде жаның ашиды. Ел қатарлы адамдар неге? қалайша?осындай жағдайға жетті деп өтіп бара жатып ойланасын. Балаларынан қайыр болмағасын өз күндерін қайыршылықпен көретін ата-əже, балаларын асырап күнделікті тамағын алу үшін күннің суығына ыстығына қарамастан қара жерде отыратын əйелдер. Мұндайларға жаны ашитын да ондайларды көргенде 5-10 теңгесін аяп алыстан қашатын адамдар да болады. Осындай жолмен күндік нанын алатындар да оны ащы суға жұмсайтындар да жетерлік. Базарға барсаң "кел салмақ өлшеңіз"деп үлкен кісілер тұрады. Салмақ өлшейтін адамдар аз ау. Мен ондайларды көрмим де. Əрине біздің тастаған 5-10 теңгемізбен байып кетпес бірақ келесі күнге дин аш болмайтыны анық. Мүгедек арбаға танылған,балдаққа сүйенген,зағип жандарды көргенде олардың еңбек ете алмағасын осылай отбасын асырау үшін қайыр тілеуден басқа амалы бар ма?деген ой келеді. Тамақ ішетін орындарға кіріп біреудің жеми кеткен қалдық тамақтарын теріп жеп жүрет. Осылардың көбі қазақтар. Соған ішін күйеді.
Тепсе темір үзетін еңбекке қабілетті адамдар арасында ащы су ішіп алып күндіз түні көшеде ұйықтап жатады.Олардың ішінде тіпті əйел адамдарда көп.Сонда олардың отбасы бала шағасы үйі жоқ па түсінбейсін. Бұрын ондай жағдайды көрмейтінбіз қазір көргенде еш таңғалмайсын.
Көрген бейнетінің зейнетін көріп,қол аяғын жылы суға малып,келінінің қолынан ыстық шəй ішіп,немере қызығын көретін шақта ата аналарын керексіз қылып көшеге лақтырып тастайды. Сондықтан амалы болмай көшеде өзінен жас адамдарға қиыла қарап 5-10 теңге үшін алақан жайып отыруға мəжбүр болады. Əр адамға өз ата анасынан артық ешкім жоқ. Кішкентайынан бағып əлпештеп өсірген ата анасын қартайған шағында өмір тəлкегіне тастап кететін балаларда жетерлік. Ондай адамдар меніңше өмірде оңбайды ешқашан жолы болмайды. Енді кей адамдар қоқыс жəшіктерін аралап біреудің керексіз етіп тастаған бұзылып кеткен азығын,киімін тауып киіп жүруге мәжбүр болады. Солардың ішінде білімді,2-3дипломы бар ауқатты жандар да кездеседі. Олар жəй ғана өмірдің қиыншылықтарына төзбей тез беріліп ішімдікке салынып кеткен адамдар. Кезінде ауқатты,ақылды болып жүрген адамдар бір сəтте баспанасы жоқ көшеде ұйықтайтын бомжға қайыршыға айналады. Өкініштісі қазіргі қоғамда бұндай адамдар өте көп. 



Бөлісу: