ҚАЙЫРШЫНЫҢ БАЛАСЫ НЕГЕ ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ?

ҚАЙЫРШЫНЫҢ БАЛАСЫ НЕГЕ ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ?
жеке
блог

Бұл мақаланы  оқығанымда көзіме еріксіз жас келіп, ұзақ уақыт бойы ойланып жүрдім.  Авторы белгісіз...


Метро станциясының өтпелі жолында жасы белгісіз әйел отырады. Олай дейтінім, ол 23 жаста, 40-та немесе 33-те де болуы мүмкін. Шашы ұйпа-тұйпа, басын үнемі төмен түсіріп отырады. Алдында тиын-тебен салатын ыдыс жатыр. Өтіп жатқандар "көмектеспек"  ниетпен ақша салып жатыр. Салмас та еді, тек оның қолында салмақты "аргумент"   бар емес пе?  Кішкентай бала. Шамамен екі жаста.  Үсті-басы кір, киімі ескірген. Бұл жерде адамдар көп өтеді, сәйкесінше бұл әйелге тиын тастап, "демеушілер"  аз емес.
Мен бұл маңда бір айдай жүрдім. Ақшаның кімнің қалтасына кететінін сездім, білдім. Ол жайлы қанша айтылды, жазылды, халық сонда да аяушылық таныта береді. Мен бұл бір айда әлгі әйелге бір тиын да бергенім жоқ. Бергім келмеді. Менің ақшама бір ұятсыз кірпіш алып, оны жап-жаңа үйіне қалағанын қаламадым. Бірақ, қайыршыға келіп түсетін ақшаға қарағанда әлгі неменің бір емес  бірнеше зәулім үйі бар болуы керек.
Тіленшіге де беретіні болады ғой, әрине, көп дегенде  бір бөтелке арағы мен жейтін самсасы. Мұндай табысты "точкалардың"  қожайындары қанша бай болғанымен сараң келеді. Қатыгез келеді. Оның бүкіл бизнесі де осыған негізделген.
"Қайырымдылардың"  көбісі тағы бір нәрсені ойланбайды. Көзге бірден ілінетін жәйт. Өте маңызды жайт. Өмірлік маңызы бар. Бір ай бақылап жүріп бір күні мені тоқпен ұрғандай болды да әлгі әйелге қадалып қарап қалдым. Әйелдің қолындағы балаға.  Сол сәтте мен неге үнемі бірнәрсенің маған "дұрыс емес"  болып көрінгенін ұқтым. Кір-қожалақ баланың азаннан кешке дейін әйелдің қасында екенін  санамағанда.
 Бала ұйықтап жатыр. Үні шықпайды.Тіленші әйел басын көтеріп, маған қарады. Мен де қадала қарап тұрмын. Ол түсінді. Менің түсініп қойғанымды, біліп қойғанымды түсінді.
Айтыңыздаршы, сіздердің де балаларыңыз, іні, қарындастарыңыз бар ғой ?! 1-2-3 жасында қаншалықты жиі ұйықтап жата беретінін еске түсіріңізші? Бір , екі, көп болса үш сағат ұйықтар, кейін үнемі қозғалыста болады емес пе? Осында бір ай өтіп жүріп баланың бір де бір рет жылғанын, күлгенін, ояу жатқанын, дыбыс шығарғанын көрмедім. Балаға қараған  күйі "анасына" сұрақты төтесінен қойдым - Бала неге үнемі ұйықтап жатады? Ол мені естіп тұр. Басын төмен түсірді, бұрылып, естімегендей, бетін жапты.
- Кетей әрі! Бар айтқаны сол болды- Неге ол үнемі ұйықтап жатады? Айқайлап жібердім.
Менің жаныма келген миллиционер де дәл сол әйел секілді маған жауап қатпады. "Баршы әрі. Жұмысың болмасын!" . Айқай-шу, мыңдаған адам өтіп жатыр. Ал бала әлі ұйықтап жатыр.
Бір танысым жақында ауру, ақсақ, мүгедек, тағысын тағыларды үлкен бизнестің көзіне айналдырып отырғандарды танитынын, олар біз ойлағаннан да бай екенін айтқан. "Қайырымдылардың"  қайыршыларға беретін ақшасы да сол "жоғарыдағылардың"  қолына тиеді. Ал ондайлар жүз де емес, мыңдаған ! Кішкентай балаларды алқаштардан "жалдайды" немпесе ұрлайды.  Бірақ, бұның бәрі бастамасы ғана екен!
Маған басты ЖАУАПТЫ есту керек болды -  НЕГЕ БАЛА ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ? Мен жауап алдым.  Менің сыған танысым мені ШОШЫТҚАН жауапты жәй ғана, құдды бір ауа-райын айтып жатқандай айтты.
- АРАҚ НЕМЕСЕ ГЕРОИННІҢ АРҚАСЫНДА !.
- КІМГЕ? КІМГЕ БЕРЕДІ? АРАҚ? ГЕРОИН?
- Кімге болушы еді? Балаға! Кедергі келтірмеуі үшін, жыламау үшін . Бір күн бойы отырады. Өзің ойлашы, ығырын шығарады ғой. АРАҚСЫЗ; ГЕРОИНСІЗ отырса ?!
Күні бойы ұйықтау үшін кішкентай балаларға арақ ішкізеді, есірткі береді. Ағзалары шыдамай, балалар мерт болып жатады. Өте жиі болады.
Ең қорқыныштысы - бала "жұмыс уақытысында"  мерт болуы. Ал әлгі қайыршы әйел онымен жұмыс соңына дейін отырады. Отыруы керек. Міндетті. Ереже сондай. Өтіп бара жатқандар болса тиын тастағанына , "жан тапсырып қойған балаға"  көмек көрсеткеніне қуанышты, өздерін қайырымды сезінеді.
Келесі күні мен  бір іске кірісейін деп келдім. Журналистік құжатыммен. Милиционерді шақырайын десем, жоқ. Әлгі жерде тұрмын. Әрекет жасағым келді.  Бірақ менің көргенім мынау болды ...
Қайыршы әйелдің қолында басқа бала жатты. Сұрақтарыма жауап бермеді. Мені қызықтырғаны баланың құжаттары және кешегі баланың қайда екені . Осы сәтте жан-жақтан сатушы әйелдер, осында жұмыс жасайтындар, белгісіз біреулер мені ол жерден күшпен шығарып салды.
02 -ге хабарласу - жалғыз амалым болды. Патруль жолға шықты. Мен жаңағы сұрақты кімге қоярымды білмей тұрмын. Өткендегі миллиция қызметкері келді, оған бәрін айттым, жайып салдым, не ойлайтынымды бүкпей айттым. Баланы айттым. Бірер минуттан соң әлгі жерге барсам, қайыршы да, сатушылар да, ешкім жоқ...
Көшеде, метро, кез- келген жерде осылай баласын құшақтап отырған қайыршыны көргенде ойланыңыз,  қалтаңыздан ақшаны алмай жатып, осыны еске түсіріңіз. Егер сіз де, мен де, ешкім оларға ақша бермегенде бұл қатыгез бизнестің жойылатынын ойлаңыз. БИЗНЕС өмірін тоқтатар еді. ЖАЗЫҚСЫЗ БАЛАЛАР ЕМЕС!  Балаға аяушылықпен емес, қорқыныш, үреймен қараңыз. Бұл мақаланы оқып, сіз баланың неге ұйықтап жатқанын білесіз! Енді білетін болдыңыз!!!

P.S. Бұл Минскіде болған жағдай. Қайда болмасын, баласын ұстап отырған қайыршыларды кез-келген жерде көріп жүрміз! Ақшаны бермес бұрын ойланатын болайық!
Мақала http://www.gapp.az/news/ - тан алынып, аударылды. Авторы белгісіз.