"Қайыршылар ордасы" болдық па?
Бойында батырлық, жүрегінде мейірім мен иман, жерінің әр қиыры қасиетті егемен елдің игі жақсылары. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған бабалардың ұрпағы, дерттінің хәлін сұрау парыз болған пайғамбардың (с.ғ.а) үмбеттері ассалаумағалейкум.
Әлемді індет жайласада тойымыз тарқамай, базарымыз тоқтамай тұрғаны өзімізге қуаныш. Әйтседе қазіргі таңда әлеуметтік желілерде тойларға қарағанда көп отырарымыз анық.Сонда бір байқалатын жайт бар.Көмекке мұқтажбыз, баламызға көмек керек(ота, дәрі дәрмек)тіпті үйіміз жоқ деген мұң-мұқтажын айтушылар көп, көбейіпте келеді де.Мақсатымыз дамыған елу мемлекет ішіне кіру еді.Алайда мынадай мақалаларға көзіміз көп сүрінеді.Бұл көздің күнәсі ме? Әлде мұң-мұқтажын айтқан халық кінәлі ме?Не де болса еліміздің жағдайы мәз емес секілді деп ойлап қаламыз.
Осы тұрғыда өзге мемлекеттерге қарасақ жағдайлары тым жақсы.Әлеуметтік желіде дабыл қағып көмек сұраған адам кезіктіре бермейсіз.Ол қоғамның қатігездігі ме немесе жағдайы шынында оңды ма?
Мұсылман баласына зекет,садақа сынды парыз болған дүние мүлік жағынан орындалатын міндеттер бар.Бұл ұғымды ата бабамыз санасына сіңдіріп жарлы-жақыбайға көмек берген.Қанымызға сіңген бұл үрдіс қазірде жоқ емес. Көшеде қайыр тілеген кісі көрсек қолдан келгенше көмек беруге тырысамыз.
Ел ішінде "Қарекет"сынды қоғамдық қорларда ашылды.Көп балалы аналарға,жетім- жесірлерге қол ұшын созып баспана алып беріп жатқан жайы бар.Әрине азаматтық іс.Алланың нұры жаусын.
Бірақ әр нәрсенің екі жағы бар емес пе?
Шынында біз халықты қайыр тілеуге үйретіп жатқан жоқпыз ба?
Кезінде отағасы соғыста мерт болсада он баланы өсірген апаларымыздың әңгімесін көп естуші едік.Сөзсіз тәнті боламыз.Көрген бейнетін қазіргінің ер азаматыда жасай алмас ау.Ешкімнен қайыр тілемей ақ ұл қызды өсіріп жеткізді.
Ал бүгінгі күні ше?
Колхозда тынбай еңбек етіп,ақысына бір қап қара бидай алатын жағдайдан ауыр ма?
Сіздің ойыңыз қандай?
КазНУ студенті-Мәліков Н