Қайыршыға тиын тастамау дұрыс па?..

"Жоқтық не жегізбейді, тоқтық не дегізбейді". Осыдан бірер күн бұрын өткен өмірімнің қорытындысын жасап, әр нәрсені сараптап жаяулатып жұмыстан қайтып келе жаттым. Жер асты өткеліне түсе бергенімде көзіме бір уыс болып бүгіліп, қайыр сұрап отырған, жасы үлкендеу шешеміздей әйел адам түсе кетті. Әмиянымды шығарып, аз-мұз тиын-тебен тастап жатыр ем, ар жағымнан әлдекім: "Берме, араққа жұмсайды" деп күбір етті. Бұл сөз тас төбемнен түскендей, жүрегімді шымырлатып қоя берді. Бәлкім, расымен солай шығар, бейтаныс адам бірдеңені біліп айтқан болар, бірақ кім біледі... 

Қорқамын, қайда бара жатырмыз, адамдарға не болған?! Түсіне алмаймын. Артыма жалтақтай ұзап кете бардым. Ойымда жерге шұқшиған сол бір бейне... 

Айтқым келгені, ағайын, адал болудан бұрын адам болған дұрыс па деймін... 

Сурет: photo.i.ua 



Бөлісу: