Әйгілі Мысыр шаһарындағы Қайтпай сұлтан бабамыздың мешіті барын да жақсы білеміз. Мешіттің сәулет және археологиялық өнері туралы шығыстанушы Сырым Құрмаш мырзадан аз-кем ақпарат алдық.
Мәмлүктер даласында (хижраның VIIIғ. бірінші жартысында мәмлүк сұлтандары мен әмірлері мешіттер мен кесенелер салған аймақ) Қайтбай Сұлтан кешені – Каирдегі әйгілі сәулет және археологиялық екерткіші мәмлүктер дәуіріндегі исламдық сәулет өнері стилінде салынған. Кешенге мешіт, медресе және Сұлтаның сарайы, суару жүйесі, шәкірттер үйі кіреді.1472-1474 ж.ж. аралығында Сұлтан әл-Ашраф Әбу ан-Насыр Қайтбай әл-Махмудидің бұйрығымен салынған.
Қайтбай Сұлтан өзінен бұрынғы сұлтандардың әдеті бойынша билікке келгеннен кейін үлкен құрылыс жұмыстарын бастаған.Осылайша ғимараттың іргетасы 1472 жылдың сәуір айында қаланды. Ол туралы солтүстік қасбеттегі кіреберістің оң және сол жағында1472-1474 жж. аралығында салынғандығы жазылған.
Ғимараттың оңтүстік-шығыс және солтүстік иуаны (Иуан – исламдық сәулет өнерінде үш жағынан қабырғасы қоршалған, төртінші жағынан ашық күмбезді бөлмені білдіреді) хижраның 877 жылы Ражаб айында (1472 жылдың желтоқсанына сәйкес), ал батыс иуаны хижраның 878 жылы Ражаб айында (1473 жылдың желтоқсанына сәйкес) тұрғызылған.
Ал орталық ашық алаңының жұмыстары хижраның 877 жылы Рамазан айында (1473 жылдың ақпанына сәйкес) аяқталды. Қайтбай Сұлтан тірі күнінде өзіне хижраның 879 жылы Ражаб айында (1474 жылдың желтоқсанына сәйкес) зиратсалдырған. Мешіт мінбері хижраның 879 жылы Раби’ул-әууәл айында (1473 жылдың тамызына) көтерілген.Кешен хижраның 879 жылы Ражаб айында (1474 жылдың қарашасына сәйкес) толықтай ашылды.
Кешеннің дизайны үйлесімділігімен және ішкі-сыртқы безендірулері мен жазуларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сондай ақ есіктері түрлі-түсті мәрмәрмен және жазулармен безендірілген.Үсті ойылған мұқарнастармен (Мұқарнас – жабыстырмалы жақтау түріндегі сәндік бұйым)және ақ-қызыл тастармен қапталған.
Есіктің оң жағында Мысырдағы ең биік мұнаралардың бірі биіктігі 39,62 метр болатын мұнара орналасқан.Шығыс қасбеті Қыбла жағынан геометриялық жазулары бар биік күмбезбен аяқталады. Орталық алаң төрт күмбезді иуанмен қоршалған.
Иуандардың төменгі жағы алтын жалатылған әшекейлі мұқарнастармен безендірілген. Осы иуандардың ең үлкені – алтын жалатылған стильмен қоршалған «михраб иуаны» деп аталады. Алаңның едені түрлі-түсті мәрмәр шеңберлерімен, ал иуандар мен кіреберістердің едендері түрлі-түсті тастармен безендірілген.
Михраб сегіз қырлы әдемі оюлармен безендірілген бағанамен қоршалған. Батыс иуан алтын жалатылған түрлі-түсті төбелермен жабылған үш бөлікке бөлінген. Құбыла тарапындағы бөлімінде кітаптары Мысыр кітап үйіне берілген кітапхана бөлмесі орналасқан.
Қайтбай Сұлтанның кешені Мәмлүктер даласындағы ескерткіштердің ішіндегі көптеген бөлшектері сақталып қалған жалғыз ескерткіш болып табылады. Араб көне жәдігерлерін сақтау комитеті 1893-1897 ж.ж. жөндеу жұмыстарын жүргізді, оның ішінде ғимараттарды нығайту, төбелерді, едендерді, ағаш және терезелерін жөндеу.
2015 жылы Қайтбай Сұлтан хаузын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Кешенді қоршап тұрған аумақта қолөнершілер бұйымдарын көрсететін және уақытша көрме ретінде пайдаланатын орынға айналды.