Қайтқанның қайыры бар)

Өмірде адам түсінбейтін керемет кездесулер мен сәйкестіктер болып жатады емес пе?! Бұның бәрін тағдырдың ісі деп арта салатынымыз тағы бар. Ия, сонымен айтайын дегенім мынау ғой.... Өмірде жоғалтқан заттарыңыздың алдарыңыздан шыққаны бар ма? Бөлмеде жоғалтып тапқанды айтып отырғам жоооқ)). Мен бұл жағдайды осыдан бірнеше күн бұрын басымнан өткіздім. Әлі жүрмін сол ойланыыып... Қой оданда баяндайыншы. Осыдан шамасы екі ай бұрын бөлмемдегі қыздар ҚазҰу-дың жағалауын шарлап қайтайық дегесін, жатақханаға кірер рұқсат қағаз бар емес пе (пропуск деген бәле) соны күртешемнің қалтасына салып серуендеп қайтқанбыз. Қайтар жолда қалтама қолымды сұғып алдын-ала тексеріп қоятын әдетім бойынша қарасам, пропускым жоқ((. Енді қайттім? Қыздармен кері қайтып жүрген жолдарымызды сүзіп шықтық. Әбден тоңдық та... Бірақ қанша қарамайық, зым-зия іздегеніміз ұшып кеткен бе, жоқ. Осылай екі ай бойы пропускысыз жүріп, жақындағы электронды билет алғанбыз ғой. Сөйтсем... Бөлмеге асығып келіп, аптығып жүріп өз жұмыстарыммен шаршап ерте жатып қалғам ғой. Таңертең тұрсам пропускым "қайырлы таң" айтып бас жағымда столдың үстінде тұр. Қыздардан сұрасам, "Кеше столдың үстінде тұрған жерінен бас жағыңа қоя салдым" дейді. Ол да ұмытып кетіпті жоғалғанын. Есіне сонда түсіп көзі шарасынан шыға қорыққаны-ай. Бөлмеге кіргенде столдың үстінен көргем, бірақ менікі деп ойламағам ғой. Енді бөлмеге кім қойғанын білмей, кім ашқанын таппай таңданып жүрмін. Осындай да қызықтар болады екен-ау!!!)))) Соны бір қыздарға айтсам олар сенікі университеттің айналасы ғой, мен таксиде ұмытып қалдырып пропускім артымнан келгіне таңданып жүрмін деп бір күлдіріп алды)))



Бөлісу: