Қайтер едің...

Өздеріңізге мәлім, мен оны сүйемін, оның әр жазған шығармасына ерек қараймын. Онда шындық басым, өмірдің өрімдері анық. Бұл жолы да мен оның, яғни Оралханның шығармасын ұсынуды жөн көрдім. «Айпара ана» әңгіме, аңызнама.

*Көзін тырнап аша сап дүние жиятын – өзегі талып өлгенше жиятын пендеден кей ретте ит озық. Олар ырылдасқаны болмаса, қырқыспайды. Қабысқаны болмаса шабыспайды.

 *Олжай – ерім айтушы еді: қазақтың малы өсіп, жаны өспейді, - деп Әулие екен.

 *Олжай – ерім айтып отырушы еді: «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірер. Әй, Айпара-ай, осы намыс құрғырың кеміктеліп мүжіліп барады-ау».

*Жер-жаһанда армандамайтын, әлде нені көксемейтін адам бар ма?

 *-Апырай, ерім-ау, күрсіну мен жылау әйел затының нәсібі, ерлер үнсіз азап шегеді, - деп, өзіңіз айтсаңыз керек.

*Жауыңның бәрі жоңғарша қаһарын төгіп, қаптай-шаппай, дос болып мүсіркеп, ішіне қанжарын байлай келсе қайтер едің; әй, бәрібір жас балаша қызарғанға, күле қарағанға мәз болып, салқар құшағыңды ашар едің, салқар құшағыңды аша-аша аш қаларсың; «қонағым артыңа қарай отыр» деген сөз шықпайды сенің аузыңнан; сенің жомарттығыңда шет-шек жоқ; ал, жомарттың қолын байлап, жолын тарылтар – дарақылық; садағаң кетейін қазақтың байтақ даласы-ай, сарғая тосып, көз жасып жылап тауысқан ананың қол орамалындай қан жұтып жатқан түрің мынау...

 *Дүние, жалғанда сыңарынан айрылғаннан қасірет бар ма?!

 *Мейлі аз жаса, көп жаса ел есіне сақтар ерлігің, жұртыңа тигізер пайдаң болсын да.

 *Жол ұзақ еді. Дала кең, өмір тар еді. Демек, мен әйтеуір бір адамға, әйтеуір бір игілікті іс жасауға керекпін. Әулие-анам айтып отыратын: марқұм Олжай-ерімнің ағасын өлгеннен кейін ғана Адам деп танып ек. Өлген соң бәріміз де аяулымыз. Тіріде қадірің білінбейді. Сондықтан «өлген сиырдың бәрі сүтті» деп мәтел шығарып алды бұл халық. Тек жауыңның ғана өлімі сүйкімсіз болып қалмақ.

*Қорқынышқа тосқауыл болар тек, ақыл ғана.

 *Адамды уақыт емес, уақиға қартайтатынын білді.

 *Шайлқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей – құдайдың құлы емессің. Жеріңді тастама – жетім қалар.



Бөлісу: