Сәлем Массагеттік тұрғындар!Қалайсыздар?Біраз болды сіздермен сырласпағалы...Соңғы кездері тым сыршыл,қиялшыл болып кетіппін.Күздегі уайым-қайғының лебі де білінбейді.Керсінше қазір жүрек деген сарайымда көктем орнаған.Иә,иә көктем орнады..Арманға жету жолында еңбектеніп келемін.Сенім артып келемін...
Терезе алдында отырмын.Дәл қазір Алматымда жапалақтап қар жауып жатыр....Не деген әсемдік....Айтпақшы менің күздегі бейтаныс сезімім таныс сезімге айналып,ет-жақынымдай болып кетті....Менің қазіргі уақытта бір-ақ мұңым бар...Ол сағыныш...Сағыныш ол - адам жанының бір құпиясы.Ол мөп-мөлдір...сағынышты айтам...Жан-дүниеңді білдіртпей қинайды екен...Танакөз ақынның "бар жоғыңды өмірде білу үшін,әлдекімді сағыну керек шығар" деген өлең жолдарын бағанадан бері жүз рет қайталаған шығармын ішімнен...Бірақ қаншама шақырымдарға қарамастан,Мен бақыттымын!Тек үкілеген үмітімнің отын өшіріп алмасаң болғаны....