Қайта оралған Қазына немесе "Ән дарияның" қызықтары жайлы
блог
Ал, біссіміллях... Қуанышты хабардан бастасам, жақында еліміздің жетекші арналарының бірі саналатын Бірінші "Еуразия" арнасындағы сазды "Ән дария" бағдарламасының жүргізішісі атандым. Атандым емес, дұрысы бір жылдық түсірілімді бітіріп тастадық. Ең қызығы, ойда жоқта "ватсап" арқылы келетін "спам" хаттардың бірінен аталмыш бағдарламаға жүргізуші іздеп жатқанын көзім шалды. Сосын қалжыңыма салып, "спамшыл" адамыма "Мені шақырып тұрсың ба әлде таратуымды өтініп тұрсың ба?" деп бас салдым. Ұялды ма, жоқ шынымен айтты ма, әйтеуір "кел ,бағыңды сына" деді. Бар болғаны осы. Көзді жұмып іріктеуге бардым. Бір айдан соң дәл 7 наурыз күні мереке алдындағы алған үлкен сыйлығым "Ән дарияның" жүргізушісі болдың деген сөз болды. Көзді ашып жұмғанша бір жылдық түсірілімді де 8 күннің ішінде бітіріп тастадық. Айтқандай, сол "спамщик" бағдарламадағы жүргізуші әріптесім- Елдар (барлығы Эльдар дейді) Серікбай.
Әзірге өзіме ұнап жатқаны- "Еуразия" арнасының сайтында "онша емееееес" фотомның жылт-жылт етіп "нервке" тиюі. Әттең, өзіме ұнайтын сурет тұрғанда ғооооой....
Бұйыртса, жаңалықтар өте көп. Өзімді жобада жақсы көрсеткен болуым керек, алда тағы үлкен жобада өзімді басқа қырымнан танытамын. аллах қаласа дейінші. Әзірге осы. Қысқаша жазуға тырыстым. Сосын "құпия" болып қала берсін деген ниет қой. Қалғанын уақыт көрсете жатар.
Армандардың орындаларына сеніңіздер! Дәл мен секілді. Барлықтарыңды жақсы көремін.
Ойбу, ұмытып барам. Әр жексенбі сағат 14-05те "Еуразия" арнасын қосып, "Ән дарияны" тамашалауды ұмытпаймыз. (Уақыты жақын арада кешкі 20,00ге ауысады)