Қайта оралдым, массагет!

Қайта оралдым, массагет!
жеке
блог

СӘЛЕЕЕЕЕЕЕЕМ! Қалың қалай массагеттік оқырман? Демалыс қалай өтіп жатыр массагеттіктер?

"Мына қыз кім? Соншама массагеттің гүлі сияқты болып отырғаны несі?"- деп ойлап жатқан боларсыз?

Массагетке алғаш мақала жазғанымда, бәріңіз ыстық қабылдап едіңіздер. Сол кезде қатты қуандым. Сенім артқандарыңызды білдім. Сол үшін де көп нәрсе жазып тұрғым келді. Бірақ, өмір қарбаласқа толы екен. Ол сенің айтқаныңды не ойлағаныңды тыңдағысы келмейді екен. Оқуыма жұмысым қосылып шаршап жүрдім. Көңіл-күйім болмады. Компьютерім істен шықты. Не керек, біраз нәрсе өтті ғой. Ең жаманы не айтайын ба?! Шығармашылық тоқырауға ұшырауың. Менің шабытым көпке дейін оянбады. Қатты ұйқыға кеткенге ұқсайды кейде) Оятуға тырысқаныммен, болмады...

Содан тіпті массагетке қандай логин қолданғанымды ұмытып қалдым. Әлі күнге дейін есіме түсіре алмадым. Мүмкін жаңадан ашқаным дұрыс болған шығар. Бұрынғы жазған жазбаларым естеріңізде болса, комментарии күтемін. Таныстық үшін)

Қазір менің ойларым, жазғым келген тақырыптарым көп. Бәрі рет-ретімен болады. Сондықтан, оқырманым, алыс кетпей көз жүгіртіп отырыңыз. Ал, әзірге қайта келгенімді айтқым келеді. Әлі талай блог жазылады. Күтіңіз. Сіздерді жақсы көретін, жаман да болса жақсы қыз)