Қайта келдік аулаңа, Массагет!
блог
Жылап келеміз, жылатып кетеміз...
Біз осы не үшін әлде кім үшін өмір сүреміз? Шынайы күлкіні о бастан маңдайған жазбаған болса, тағдырдың тезіне түсіп, терлеп-тепшіп несіне мәңгілік жыр жазып, ән айтып жүрміз. Мәңгіліктің мәңгі еместігін де сеземіз. Бірақ сенеміз. Бұл қандай дүние...?
Мен бізді айналдырып қойып, тәулік бойына сыртымыздан сығалап қарап отырған ОҒАН қызығам. Дүниенің саңлауы қайда екен ә, менің де оның әлеміне қарап үңіліп көргім келеді...
*****
Ең ұлы жеңіс - Құранды мойындау, ең ұлы жеңіліс те - Құранды мойындау.
*****
510 млн км2 -қа симай жүрген жұдырықтай ғана жүрегім неткен құдіретті ең...!
*****
Бала күнімде анам кәмпит беріп алдай беруші еді. Сол кездің өзінде жалыға бастап едім.
Қазірде де "кәмпит" беріп алдайтындар көп. Тіпті - ...
"КӘМПИТКЕ" алдана беріп шаршадым!!!
У беріп қатыра салыңдаршы, у қосылған тәтті бергенше!
*****
©Марғұлан АҚАН