ҚаЙтА ҚаУыШу

ҚаЙтА ҚаУыШу
жеке
блог

                                              Салеееем  Массагеттіктер. Қалайсыңдар?!)))

Сабақ бітіп ауылға аяқ асты кеткендіктер сіздермен қоштасып та үлгермедім. Ауылда интернеттің скоростьі мүлде жоқ десем артық айтпағаным болар. Бұған қарамастан амалын тауып ұялы телефонмен кіріп барлық жазбаларды оқып жүрмін. Бір жаманы ұялы телефонмен қанша пікір қалдыруға тырыссам да еш нәтиже шығара алмадым. Бүгін айтеуір жолым болып интернетке кіріп кеттім.Қалай кіргеніне өзім де таңданып отырмын))))))   Массагет сені қатыыыыы сағындым. Шынымды айтсам эмоциямды жасыра алмай отырмын. Мен тағы да жоғалып кетіп жатсам сол интернетке кіре алмай алысып  отыр деп біліңіздер))))

Енді массагет жазбаларының әрқайсысына пікір жаза алмағандықтан осы сәтті пайдалана отырып жаза кетейін. Массагеттің блоктарының (жаңа деген жерінен шықпай қалған блогтар неге көбейіп кеткеніне таңданып отырмын.)Бұрын олар аз еді ғой. Әсіресе Асқар бауырымыздың жазбалары (әзілдері). Дана халқымыз «әзіл түбі зіл» деуші еді. (Өкінішке орай еш зілді көре алмадым).

Қайсар ағамыздың «Үндемес» жазбасы қатты ұнады. Тіпті көзіме жас алдым. Сосын біраз бұрын жазылған «Аспанда қалқыған терек мамықтары» атты жазба да керемет жазылған. Екеуіне де +1.

Мінезбен күрес жазбасын да қалдырғым келмей тұр. Айконаға «Тек алға»дегеннен басқа айтарым жоқ.Мінез ол келе түзеледі. Еш қамықпаңыз.Тек соған тырысыңыз.

Әлия Іңкәрбек қаламыңыздың ұшы тозбасын. Өлеңдеріңіз сондай тамаша.

Айтып үлгермегендерім қаншама. Ренжімеңіздер өтінем.Сонда

Светланна еншілеген баллың құтты болсын. Енді қалаған оқу орыныңа түсуге тіліктеспін.

Айгерімнің жазбаларын айтпай кетсем ұятыма сын болар. Айгерім сенің жазбаларың мен үшін тек бірінші орында

Массагеттің ерекше «Анты»де тамаша ой екен. Осыған байланысты менде бір ой бар. Тіркелген кез келген массагеттік жазбаны оқып болған соң соңынан пікір қалдырмаса да ұнаған немесе ұнамағанын қалдырайықшы. Әйтсе көп жазбаларда +1 мен +6 ның арасы ғана.Массагеттіктер  жазба жазғанда қойылған  плюстерден шабыт алып немесе минустардан шыңдалып жазба қалдырады деген ойым бар. Қалай қарайсыздар.?!

Бүгін әйтеуір тез-тез форумға да кіріп, аздаған пікір де білдіріп, қойғым келген плюстерді де қойып әрі блок жазып үлгердім ау.)))))

Көріскенше Массагет!!! (Қателер болып жатса көз жұмуға тырысыңыздаршы.Асығыс жаздым)