ҚАЙТА ҚАУЫШУ

ҚАЙТА ҚАУЫШУ
жеке
блог

Көрерменмен жүздеспегелі бүгін тура үш ай болды. Экранда жүрген соң эфирді сағынады екенсің. Камераны...микрафонды... Тіпті ұрысып, айқайласып "мынау дұрыс емес, мынау дұрыс, жо-жоқ сен қателесесін..." деген сөздерді де. Режиссердің бір кадрді бір неше қайталап түсіргені ұнамай, ашуға бассаңда, "жазылмады, қайтадан матор" деген сөзін де естігің кеп тұратыд екен. Жетінші арнадан кетіп, Ел Арнада бұл сағынып басылған секілді. Бұйыртса бүгін кешкі сағат 21-40 та Ел Арнада жүздесеміз. "Фобия" релити шоуының тұсауын кесейік.  Біреуге ұнар, біреуге ұнамас, біреу сынайды, бірі мақтайды... Әрине әр қилы пікір болады. Өйткені талғам әр түрлі... Қалай болғанда да біз қазақ көрермені үшін жасадық, қараңыз! Шыны керек бұл жобаның дайыны түгілі, әлі шикісін де көрген жоқпын. Мен де көрермен секілді бүгін кешке эфирден көремін. Мен де баға беремін. Өзіме, басқаларға... Сіз де сөйтіңіз. Біз қайта қауышамыз. Фобия Сенбі 19-00 де қайталанады.