Қайратты халық әртісіне ұсынып...

Қазақ сахнасына жаңа келген жас әншілер жетерлік. Солардың бәрі дерлік өз ортасының көшбасшысы, халықтың сүйіктісі бола бермейді. Бірі ақшасына сеніп шықса, енді бірі өзгеге еліктеп сахнаға шығады. Шын таланттар мыңның бірі болар. Сондай талантты, жас әншілердің бірі Қазақ ән сахнасының қазіргі алтын дауысты әншісі, көпшілік көзайымы Қайрат Нұртас екені даусыз. Біреуге ұнар, енді біреу қарғап-сілтер, бірақта нағыз әнші деуге тұрарлық жас жұлдыз. Қайрат көпшілікке "Арман" әнімен танымал бола бастады. Әрине оған дейінде үлкен сахнада өлең айтып жүргені рас. Десекте Қайратты Қайрат еткен осы "Арман" әні болатын. "Арман" әні біраз тыңдарманның көңілінен шыға білді. Кейіннен Сырым Исабаев атты жас әншімен бірге дуэт болып ән салыпта жүрді. Жеке шығармашылығында ұмытпай жандандыра түсті. Аз уақыттың ішінде Қайрат, Қазақстанға ғана емес көршілес Өзбек, Қырғыз, Қытайдағы Қазақ ағайындарғада танылып үлгерді. Аталған елдерде бірнеше рет жанды дауыста жеке концертінде берді. Қайрат жастыңда, кәрініңде сүйікті әншісіне айналып үлгерді. "Өкініш" атты өзінің жеке киносында түсіріп, өзінің актерлік шеберліктен кенде емес екеніненде хабар бергісі келгендей сыңай танытты. Әрине осының бәрі үкіметтің қолдауымен емес өзінің адал еңбегімен жеткен жетістігі. Тек қана Қазақ тілінде сөйлеп, Қазақша әнді айтатын Қайратқа қандай мақтау айтсақта жарасады. Қайрат "Жылдың ең үздік орындаушысы" атағын, оның орындауындағы "Ауырмайды жүрек" әні "Жылдың ең үздік әні" деген атаққада ие болды. Осындай талантты жігітті неге "Халық әртісі" атағына ұсынбасқа! Қайрат тыңдарманы көп әнші депте Қазақстанның Гиннес Рекордтары кітабына енгеніде бар. Ал, сіз не дейсіз?...



Бөлісу: