Қайраттардан шаршаған қазақтар!

Қайраттардан шаршаған қазақтар!
жеке
блог

Мен сол тізесі шығып кеткен әңгіменің басын қайырайын деп тұрмын,бұл жазбаны бірер минут алдын ауқымды қылып жазып бітіргенімде оңбаған массагет қуды ма өшіріп жіберді ,енді боқтанып не жазарым есімнен шығып отыр. Сонда да бастаймын.

Қазақты шаршатқан менің екі "шымкенттік " ағаларым бар! қай әлеуметтік желіге бас сұқсаң да екі рейтингттің басын ұстап тұрған осылар-Қайраттар. Бірі-өнер адамдарының бәрі жақсы араласып,артынан "қаңқу" сөз айтатын Нұртас Қайрат,екіншісі қайдағы бір темірді соққаны үшін темір торға тоғытылған Түнтеков Қайрат. Мен қазақтар сияқты оларды жамандамаймын. Ия,қазақтар сияқты. Мен де қазақпын.қазақ десе өзіңе келеді,бірақ бүгін бұларды ақтап алғым келіп отыр. Ақтаймын да!

Әуелі өзімнің "ағамнан" бастасам...Қайратты бәрі әуелі "Қайдасыңдар,жастар?" ,"Шапалақ" дегені үшін айыптап,плотно прикол да ұстады...мейлі..жөн-ақ. Елдің алдында өнерімен тәнті ғана етпей,өзге елде қазақтың намысын қорғап жүрген бір Қайратты қайдағы жоқ темір соққаны үшін жерден алып жерге салды. Жанымның ашығанынан көзіме жас келді. Әуелі "қап әттеген-ай" деген ем. Сөйтсем оным бекер екен. Ия,Қайрат соқты,адамды емес,темірді. Соның өзін пайдаланды мына қазақ. Темір тұлпар иесі-ару. Бірақ ғаламторда Қайратқа жігіттер қоқан-лоқы жасады,жаным-ау сол ләм-лим демеді,қорыққанынан емес,айыбын ұққаннан. Соның өзінде "соқтық" деген сөзіне придираться еткен әлгі жігітті ұрғым келіп кеткені,біліп ал,біз жақта солай "көпше" түрде қолданады!!! Білем,Қайрат кінәлі,мойындамады емес,сол үшін 40 күнге қолмен жасағанын баспен көтеріп заң алдында  жазасын өтеп шықты емес пе?! Кімнің басында өтпей жатыр мұндай жағдай,кім кімді соқпай жатыр,адамды емес-ау темірді,сындырса да үндемес ем қисайған тек қана. қалай ызаланбайсың?! Жігіттің атағын пайдаланған қызға риза болдым, үндемей шешсе ештеңе жоғалмайтын еді. Жо-жоқ ол олай етпеді,жарияға жар салып,мақтанды "мені Түнтеков соқты" деп.қалауы да сол еді,орындалды.Жазасын өтеп,есін жинап шықты. ештеңе өзгерген жоқ,еттен сүйектен жаралған ол да, жазы кетіп қысы келе қалған жоқ,сол баяғы.  Мейлі, ол Қайратқа пиар болды рахмет, бірақ сол шуы үшін әлгі қызды көшеде біреу танып,мақтап марқайтып,қолтаңба сұраса атым өшсін!

 


Одан қала берді,40 күнде шыққаны сол еді,берген сұхбатынан кінәрат іздеді Қазақтар! Ия,орысша берді сұхбатты. Бағдарлама орысша,сосын жүргізуші ана тілін жарытпаса Қайраттың кінәсі емес,орыстілді жандарға арналған бағдарлама болған соң "бар" орысшасымен жауап берді. Қобалжу тағы бар. Оңай ма?! Әйтеуір сынағыштар өз арамыздан шыға берді, шыға берді....

Екінші шудың басы осы жігітте,әуелі "жылаңқы" әнші қатарына қосты. Жылап айтса да,сықтап айтса да,тіпті зар қақсаса да ,айналайындар әнін тыңдап билеп жүрген қыз қырқын да,қарапайым халық та көп қой. Жағымды әндері жоқ емес. баз біреулер секілді бір ән мен бейнебаянға масайып,"жұлдыз" санап көкірегін керіп жүрген жоқ.Бала жұмыс жасап жүр.Тынбай.

Сосын кезек жаңа фильміне келді. Несі бар сынады! Тыныш отырсын ба?! Өздері бармаса ,көрмесе де естіген адамдардың сөзіне еріп  сынады. ия,фильм шедевр дей алмаймын.Бірақ жасалған дүние жаман ба?! Сапа әлдеқайда жақсы. Ой жоқ деді біреулер. Ойды дұрыс жеткізе алмаса да ұғар адам тауып алады,керегін өзі-ақ іздеп алады. шетелдің "триллерлерінен" ой,түйін алып жүргендей айтты қазақтар "не идея жоқ не тәрбие жоқ" деп. Ендеше "Крик","Сумерки","Гарри Потерден"  идея іздейік, есі ауысқан адам сенбейтін жын мен шайтаннан...

Идея бар,жеткізілуі дұрыс болмады,меніңще. Мен өзіме түйдім,"өнерге келген жастар үлкен буынның батасын алып қадам басса, тасжүрек болмай қайырымдылық жасап,тәубесіне келсе, махаббатқа мас болып ата-ана қадірін ұмытпай,досқа адал болу керек" деген сынды керек дүниелерді өзіме сіңдіріп қайттым. Қателік,кемшілік кез келген дүниеде болады. "Мың бала" мен "Шалды" да сынаған кезінде,тіпті менің суқаным сүймейтін "Келін" де марапатқа ие болды емес пе шетелден?! 

Неге әдемі жаңаша кадрларды,видеолар мен пландарды айтпаймыз?! Сынағыштар,катер,яхта,зәулім сарай,машиналар,теңіздің,таудың аспанның сөзсіз ғажайып көріністерін неге сынап мақтамасқа?! Титрдан кеткен қатені көрген көз соны көрмей ме?! Сұлулық бар. Режиссер мен операторларға алғыс. Бізге айту оңай,қаншама тер мен тынымсыз еңбек,шыдам мен жүйкенің барын біз елестете алмаймыз. Жамбасты жалпағынан беріп,диванға созыла сын айтып жамнадау ең оңай іс. "Әй үйтпепті,бүйтпепті" деу күшті,ия.білем. Соны өзіміз жасамаған соң,саусағымыздың ұшы тимегеннен кейін жатып алып тырнақ астынан кір іздеп, титімдей кемшілікті аймандай қылып айту артық кеткендік емес пе?! Ертең сол фильм ел шулаған Баянның "коктейлінен де" асып түссе мен таң қалмаймын.

 

Ол аз дегендей, "мамасының баласы" дейді. Біз кімнің баласы едік түсінбей қалдым?! Сынағыштарды сонда әкелері туды ма деп қоямын... Не болса да Қайраттың шешесіне ризамын,тынбайтын әйел екен. Өзіне де ,Қайратына да айтылған қаңқу сөзді тек "пиар" деп өз пайдасына қабылдап, жұмысын жалғастыра береді. Көздегені ақша дейді,мейлі жасасын.Қолыңнан келсе сен де қонышынан бер де ақша жаса, әркім өз қотырын қаситын заман. Тірбектеп тірлік жасаған адамды да сынайды ел...Қазақтар-ай. Ештеңе жақпайды,бірақ тойда Қайратты көргісі келеді...Қызық әрі ақылды шетінен.

 

Менің бұл жазбам "шымкенттік" ағаларымды жақтап қалу ғана емес, шындық. Көре алмау,сыншылдық,міншілдікті қашан қояр екенбіз. Біз бір-бірімізді сынап жүрміз ау...бізді сынайтын адамдардың барын ұмытамыз кейде...Өзара кішкентай елде осылай болып жатыр,сырт көз сыншыларымыз ,өзге ұлттар мен өзге елдер не ойламайды?!

"Бірлігіміз жарасқан" деп қоямыз,қайда сол бірлік?! Сүрінбей жатып құладыға сайып жібереміз адамды. Өзгенің шалынуын емес,жағының да тағының да қисаймауын тілейік. Сонда ғана сапалы дүние қашан да биіктен көрінеді. Мейлі сапалы болмасын,бірақ біздің өнім,біздің адам ғой. Қателікті айту міндет,бірақ кемшілікті жасырып,дұрысын асырған оң емес пе?!

Қайраттар қайраттанып жұмыс жасап жатыр білген адамға,бірі өз қатесімен,екіншісі өнерімен. Негізі түбі атақ-даңқ,танымалдылық  үшін дейді...Ия, ол таңсық дүние емес өнерге ,шоу бизнеске келіп,көгілдір жәшіктен жылт еткеннің бәрінің ойы сол,әйтеуір ел танып қалса,көріп қалса деген. Ондай айталық,"махаббат" жоқ болса өнер деген дүние болмас па еді?! тек мойындамайды. Өнерге деген махаббаттың өзі сол ғой. ол сонысымен өнер. Тек "жұлдыз" ауруына шалдықпаған жөн. Бұл екі жігітте де ол ауру жоғына мен сенімдімін. Болған кезінде,ол дерттен барлық өнер иесі өтеді,бір ауырып алған жөн,есесіне ешқашан бас ұрмайтын боласың. Өмірлік "вакцинасын" салып алған жөн///

Біздің басты қателігіміз де осы-өнер адамдарын робот секілді қабылдаймыз,оларды жұлдыз қылған өзіміз,бірақ еңбекті "сөз" емес сол адамдар жасады ғой. Олар да адамдар бәріміз жейтін 70 теңгелік нанды жейді, тіпті бигбон мен роллтонға қарын ойдырады аз десеңіз,бәріміз секілді. Олар жылайды,күледі билейді ызаланады. Бірақ елдің түсінігі -олар ештеңесін көрсетпеу керек,ашуыңа тисе сенің үндемей тұрғаныңды көрер ем... Рас,бізге өнеге беріп,үлгі болатын жандар осылар,алайда біз үлгі аламыз деп артығынан тыс тиісіп отырмыз...

Аспандағы айдай көрмей,қыздарымыз да жерге түссе игі болар еді, "фанатизм" дертіне шалдыққандарға айтам.Солардың құрбаны болады да кінәлі сол өнер адамдары болып шығады.

Асыра сілтеуді тыйған жөн,өнер адамы да адам,сен секілді мен секілді,ауылдан шыққан,сүрінетін шығылатын,ашуланса боқтайтын...олардың мақтауға тұрарлық қылығын ,үлгі алауға болар қасиетін ғана көруге тырыссақ болар...кемшілік іздегенге жер астынан да табылады.

Қысқасы, сынағанда да жөнімен сынайықшы!!!

ПЫ.СЫ: Түнтеков менің ағам,біз -"Жетімдер" руынан тараған жандармыз,так что тиіспеңдер ағама ық ық ық

  Екі Қайрат та осылай деуші ма еді?!  Ал кеттік                                                     "ШАПАЛААААҚ"