Қайратпен ән салған Қайраттың Әлишері!
блог
Бұл жігітті біреулер алғаш көргенде, әрине әйгілі "атышулы" Нұртастың Қайратымен орындаған дуэтінің бейнебаянынан, көпшілік жұрт "дөкейдің еркетотайы, ақшаның буымен жүрген жігіт" деп алып-қашпа сөздер жүгіртті. Бұл жігіт кім?! Анығырақ,бозбала дейік. Әлишер небәрі 17 жаста. 1997 жылы 18 қаңтарда Талдықорған облысында дүниеге келген. 12 жасынан ән айтатын бозбала,бүгінде үлкен сахнаға нық қадам басуға ұмтылып жүрген жас өнерпаз Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы экономикалық лицейінің 11 сынып оқушысы. Ия,оқушы. Отбасында 3 ұлдың ортаншысы Әлишер ең алғаш сахнаға қадамын жоғарыда аталып өткен өзінің сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың кешінде жасаған. Жас та болса талабы мықты бозбала әлі талай асуларды бағындырып , ел естігенде жаңылмай танитын әншілердің бірі болуға ұмтылуда. Дәл өзінің "еріктеуге лайық" деп тапқан әнші ағасы секілді. Қайрекеңді айтам ғой. Оның үстіне әкесінің есімі де Қайрат)
Ал,алып-қашпа сөздерге келсек, мына заманы түлкі кезеңде ақшаның рөлі маңызды екені анық,алайда рухани құндылықтарды ол баса алмасы сөздіз, бастысы бозбалада өнерге,сахнаға ,ән айтуға, көрермендерге жақсы көңіл сыйлауға деген,құрмет-қошеметке деген толассыз ниеті мен ұмтылысы бар. Ал қарапайым халық сені қалтаңдағы дүниемен емес өнерге деген шексіз махаббатыңа ондағы кең жүрегіңе ғана сүйсініп қошеметке ие еткізер. Таңдайтын да,саралап бағасын беретін де халық. Мұны жақсы білетін Әлишер сол себепті де дәл осы жолмен үлкен жетіскікке жетіп ,бүгінде елімізден бөлек,шет елдерге де танылып үлгерген, ең бастысы соның бәріне халықтың махаббатымен жеткен әнші ағасы Қайратты үлгі тұтады. Және Қайрат таңдаған жолмен тынбай жұмыс жасауда.
Бүгінде Әлишердің ән қоржынында 9 ән және 3 бейнебаян бар. Оның екеуі өнердегі ағасы Қайрат Нұртаспен дуэт.
Жас та болса қорықпай ел алдына шығып,аз ғана уақыт ішінде бірнеше бейнебаян мен әндер жазып тынымсыз жұмысқа кірісіп кеткен Әлишерге өнер көгінде самғап әсіресе, ыстығы мен суығы , алып-қашпа әңгімесімен қошеметі қатар жүретін "қазақ шоу-бизнесіне" сіңіп кетуін тілейік.
Әлишердің сонымен қатар бүгінде жеке сайты ашылған. Осы www.alisherkazakh.kz сілтеме бойынша кіріп барша мәліметтерге ие болумен қатар,жаңа әндерін тыңдап,бейнебаяндарын көре аласыздар!
Сөз соңында,"Қайрат" болсаң да,"ұлы" болсаң да өнерде жолың ашық боларыңа сене бер. Құдіретті,маған сен)))