Қайрат пен еңбекті талап ететін спорт
блог
Кез келген адамның өзі жақсы көретін спорт түрі болады. Менің жақсы көретін спортым - мәнерлеп сырғанау. Мәнерлеп сырғанау – әрі әдемі, әрі күрделі спорт түрі. Өнер атаулының дарыннан бөлек қажымас қайрат пен тынымсыз еңбекті талап ететіндігі секілді мәнерлеп сырғанауда да табысқа жетемін деген адамға үлкен төзімділік қажет. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелей сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді. Бұл спорт түрі олимпиада бағдарламасына енген.
Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс жылдам не баяу, әр түрлі бағытта (айналып, секіріп, тағы да басқа) орындалуы тиіс. Спорттың бұл түріне баланы 7-8 жастан баули бастайды. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 1896 жылдан бастап өтіп келеді. Әуелі жарыс тек қана ерлер арасында өтсе, он жылдан кейін әйелдер де күш сынаса бастады. Тәуелсіз Қазақстанда бұл спорт негізінен 2011 жылғы қысқы Азиададағы Денис Теннің жеңісінен соң ерекше қарқын алды. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаудан Универсиада-2017 ойындарында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша құрамасының бас бапкері Құралай Үзірова Алматыдағы Дүниежүзілік универсиадаға қатысатын құраманың тізімін бекітті. Ерлер командасына Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин кірген болса, әйелдер арасындағы сайыстарда Қазақстан намысын Айза Иманбек, Вероника Шевелева және Жансая Әдіханова қорғайтын болады.