Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі — кім мықты?

"Әркімнің талғамы әртүрлі"-деп бастайын әңгіме. Ешкімнің әнші немесе адам жайлы сынауға еш құқығы жоқ. Бірақ, біз тұтынып отырған музыка жайлы сынауға хақысы бар. Бәрі орынымен. Қазіргі адамдардың әнші жайлы сындарына қарасан жеке өміріне дейін асып кетеді. Бұл енді ойға келмейтін нәрсе. Халық өзі тұтынып отырған музыкасы жайлы ой білдірсе жеткілікті. Айтқым келгені, сынаймын деп артық кетпеңіздер. Олардың да жеке өмірі бар, оларда біз сияқты қарапайым жандар. Бүгінгі тақырып қазіргі шоу бизнестің орынын жауып жүрген той бизнес жұлдыздары жайлы сөз болмақ.

Қазіргі таңда қазақ шоу бизнесінің тойға айналып бара жатқанын көріп, сол той бизнестің көркін келтіріп жүрген әншілерді салыстырмақпын. Ол әрине, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі жайлы болмақ. Сөзсіз бұл екі әнші өзінің қайтпас қайсар мінездерімен және еңбектерімен халықтың жүрегін жаулап алды. Қаншалықты әншілерді сынасам да, бұл халықтың таңдауы. Біздің менталитет әзірше осындай әндер тыңдауға мәжбүрлейді. Мен мұндай әндер тыңдамаймын, бірақ үйдегі үлкен кісілердің бәрі тыңдайды. Амал жоқ. Көлікке мінер кезде, тойда, үйде, таксиде барлық жерде Қайрат пен Төреғали.

1. Қайрат Нұртас

Мектепте оқып жүрген кезімде біздің ауылға Қайрат келген болатын. Ол кезде Қайрат деген атты мүлдем естімегенбіз. Қайрат бас кезінде Қазақстан бойынша үлкен тур жасаған әншілердің бірі. Осы еңбектің арқасында ол қазір үлкен танымалдылыққа ие. Осы уақытқа дейін Қайратта қаншама жүздеген әндер шықты десем қателеспеген болармын. Білмеймін, бірақ Қайраттың кез келген әні хит болады. Кішіден үлкенге дейін Қайраттың әндерін сүйіп тыңдайды. Ал, музыканы талғаммен тыңдайтын адамдардың плейлистінде Қайраттың әндері мүлдем болмайды. Бұл жерде көбіне елдің менталитеті ойнайды. Менің айтатыным, той әндерін эстрадаға, шоу бизнеске тықпаса екен деймін. Ал, қазіргі таңдағы Қайраттың жұмыстарына келетін болсақ, Қайраттың әндері халықты жалықтырып бара жатқан сияқты. Мүмкін мен қателесем, бірақ кейінгі кезде Қайраттың аты аса қатты айтыла қоймайды. Себебі, Қайратта жаңашылдық жоқ сияқты. Сол бағыттағы әндер, би, өзгеріс жоқ. Соңғы кездері Қайрат әнге емес, жеке бизнеске көп көңіл бөліп кетті. Қайраттың жеке магазині, Қайраттың депутаттыққа көңіл бөлуі. Мүмкін, Қайраттың дәуірі осы бір депутаттықпен аяқталған шығар. Оны уақыт көрсетер. Әзірше, маған ұнаған Қайраттан бір ән.

2. Төреғали Төреәлі

Төреғали туралы аса қатты мағлұматтар біле қоймаймын. Себебі, той бизнесіне көңіл аудармаймын. Аударсаң да, аудармасан да тойға барсаң осы әннің бәрін тыңдайсын :) Осы әндерге билейсін. Сол Төреғалиді бір тойдың үстінде билет жатып тыңдаған болатынмын. Мұндай әндерді көбіне тойда немесе таксиде естіп қаламын. Төреғали де маған ұнағаны той әндерін басқаша, өзінше бір бағытта орындайды. Осындай әндерді аса қатты ұнатпасам да, Төреғали әндері тойларда билеуге жарасымды. Осы жағынан Төреғали Қайраттан басым көрінеді. Бірақ, Төреғали әндерінің көбісі ұрланған деген сыбыстар көп тарауда. Ұрланса да, сапалы ұрланған екен :) Меніңше, Төреғали Қайраттың орынын басуға ең басты үміткер. Себебі, оның әндері жастар, үлкендер, халық арасында жақсы тарауда.

Қысқасы, әншілердің кім мықты немесе кім басым деген әңгімелерді халық халық өзі шешеді. Бізге тек сапалы әндер керек екенін әншілерде білуі тиіс. Ақша соңынан қуам деп тыңдармандарыңызды жоғалтып алмаңыз. Ал, сіз қай әншінің өнерін бағалайсыз?

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: