Бүгінде Қайрат Нұртасты жанынан жақсы көретін бір топ болса, оның өнерін мойындағысы келмейтін бір топ бар секілді. Біріншісі – шектен асыра мақтап жатса, екіншілері – жерге ұра жамандап жатады. Ал үшінші бір топ бұл әнші туралы пікір айтудан аулақ жандар. Себебі, өлеңдерін көбіне тыңдай бермейді.
Меніңше, қазақ еліне ана тілінде сәлем жолдап жүрген жігіттің өнерін жоғары бағалауға болады. Бұл – әрине жеке көзқарасым. Көп өлеңдерін тыңдайтыным да рас. Бірақ, кейде талғамнан шықпайтын өлеңдері де бар. Ал сіз мен айтып отырған оймен келісесіз бе? Айтпақшы кеше «Youtube» желісінде отырып мына бір жаңа видесын көзім шалып қалды. Қарай отырыңыздар. Қазақ жігіттерін арыстанға теңепті. Мән бере қарасаң, «Метро Голдвин Майер» америкалық медиакомпаниясы ұсынатын басындағы бейнероликке де ұқсап кетеді екен... Естеріңізде ма, кино немесе мультфильм басында бір арыстан ақырушы еді ғой...