Қайрат Нұртас жайлы диплом жұмысы жазылды

Қазақ Ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті өз диплом жұмысын белгілі әнші Қайрат Нұртаспен, өзге де қазақ эстрада жұлдыздарының шығармашылығына арнады. 

Қайрат Нұртастың, сондай-ақ, бірталай жас орындаушылардың әндерінің сөзін диплом жұмысына арқау қылып алған ЖОО бітіруші, сол ән сөздеріндегі стилистикалық қателіктерді табуды, диплом жұмысының мақсаты ретінде алған.

Қазіргі жастар сүйіп тыңдайтын Қайрат Нұртас, және тағы да басқа әншілер қауымы шығармашылық іздену барысында, ән сөзіне ат үсті қарап, тек ғана әннің әуеніне назар аударып кетеді екен. Сол себепті де ән сөздерінде стилистикалық қателіктерді көптеп жіберетін көрінеді.

Өз сөзінде ол: «Қазіргі әншілер өз әндерінің сөзіне еш мән бермейді. Әуені тыңдар құлаққа жағымды болса болғаны, сөзін сол әуеніне сай қалай болса солай құрастыра береді. Оны тыңдайтын жастар да, тек әуенінің әсемдігі үшін, сөзіне пысқырып та қарамайды. Мысалы: Қайрат Нұртастың «Арман» әнінің кей сөзі тек ұйқас үшін ғана құрылғандығы назар салып оқыған адамға бірден түсінікті.

Қaлaй сүйдім сені,

Құлaй сүйдім сені.

Жүрегімді ұстaп ,

Жылaй сүйдім сені;- өлең жолдарындағы «жүрегімді ұстап» тіркесінің тым ұсқынсыз әрі логикасыз тіркес екендігі рас. Мұндай стилистикалық қателер тек ғана Қайрат Нұртастың шығармашылығында ғана кездеспейді. Сондай-ақ басқа да эстрада жұлдыздарының ән сөзіне келгенде немқұрайлылық танытатынын байқап жатамыз. Мысалы сахна төріне «Superstar» бағдарламасы арқылы шыққан Төлепберген Айқын мырзаның шырқаған әндерінің бірі – «Пах, пах». Сондай сұрықсыз, басы мен көзі шықан сайқымазақ сөздерден құралған мәтінсымақты мәз болып айтып тұрған Айқынды аяп кетесің... Шамасы, ақындық деген ұлы өнерді үйлеспейтін сөздерді ұйқастыру ғана деп білетін ортанқол автордың шығармасы арқылы әнші жұртшылыққа жақсы әсер қалдырам десе керек. Қалай десек те, Айқын осы ән арқылы өзінің талғамсыздығын танытып алғандай:

Пах, пах, пах қандай ғажап иіс,

Шат, шат, шат қиялыма ілес;-жолдарындағы «шат, шат, шат» тіркесінің сөзсіз «пах, пах, пах» тіркесіне ұйқас ретінде ғана алынғаны бірден байқалады. Тіпті одан келе:

Қандай ыстық жүрегімнен сүйіс,

Созылған кірпігімнен күй ұш;-жолындағы «жүрекпен сүйісу», «кірпіктен күй ұшу» тіркестерінің миға симайтын тіркес екендігі қазақ тілін білетін әр адамға бірден түсінікті.

Кірпігінен «күй» ұшатын аруға арналған бұл өлеңнің басқа да кемшіліктері толып жатыр. Мысалы, мәтінде кездесетін «оятып мауқымды» тіркесі тіпті келіспейді. Әдеби норма үлгісінде тек «мауқын басып» деп айтылатын тіркестің түп-төркініне терең үңілместен қосақтай салған тәрізді. Өлеңге арқау болған Айқынның сезімі енді былай өрбиді: «Дәмін сезгім келеді тәніңдегі қантыңның». Әлемдік символы болған әйел затына айтылар, қошеметтің, жүрекжарды тілектің түйіні осы. Айтпаса да белгілі ғой, тәндегі қанттың дәмін қалай татып көруге болатынын, егерде тәнде қант болатын болса, қызға деген құштарлық осымен ғана шектелмей, келесі шумақтарда да көрініс табады. «Саған әдейі арналған әдісімді білсең» деп өз ойынан хабар бере келе, «және мендей жігіттің қарсы емессің ертуіне» деп түйіндейді. Түсінбегеніміз махаббат тақырыбын арқалаған әннің мәтіні бір сәттік сезім мен көзсіз көбелектің күйін күйттегені ме? Әйтпесе, ғашық адам сүйіктісін көре сап, тәніндегі қантының дәмін татуға талпынып, кірпігінен «күй» ұшатын қызға әдейі арналған әдісін қолдана отырып, әлдеқайда ертіп кетер ме еді?!

Қыпша белің ммм...құшақтайын ммм....

«Ән-өлшеуіш, өлең-күміс» екенін, ұмытып кеткен жалғыз Айқын емес, оның қатарында Ерболат Құдайбергенов та бар. Жоғарыда келтірілген Ерболаттың

қыз баласының тәні мен жанына тамсанған әнші, талшыбықтай бұралған қыпша бел мен оны құшақтауға ұмтылған Ерболаттың әнге қосымша жеткізе білген өзіндік сезімі мен эмоциясы болса іспеттес.

Қазіргі кезде әннің бәрі дәл осы Ерболат пен Айқынның сезім сияқты сөздер мен эмоцияға толып кеткен тәрізді. Мұның өзі қазақ халқының салт – дәстүріне қарама – қайшы келсе де, оны елеп жатқан адамдар тіптен жоқ»;-дей келе сөз соңында:

«Әрине, Aбaй aйтқaндaй: «Әннің де естісі бaр, есері бaр». Ән – сaн ғaсырлық тaрихы бaр, тaлaй – тaлaй ұрпaқтaн өткен жол – жөнекей жөнделіп, өңделіп, жaңaрып бізге жеткен жaнр. Ғaсырлaр елегінен өткен әндер aйшықтaнa, әрленіп музыкaлық өнердің інжуіне, aсыл қaзынaсынa aйнaлa берген. Алайда қазіргі заманның кей «тіріөлік» әндері, тыңдар құлаққа да тым сүйкімсіз, нәрсіз болып бара жатыр. Ал жастардың талғамы тек әннің әуеніне қарап жасалып, ән сөзіне еш назар аударылмайтындығы – тіпті өкінішті көрініс. Әрине бұл барлық әнші қауымына, және де бар әнге қатысты сөз емес. Алайда «бір қарын майда, бірталай құмалақ әннің» бар екені шындық»- деп аяқтады сөзін диплом жұмысының иесі.



Бөлісу: