ҚАЙРАН БІР КЕМ ДҮНИЕ…

Осынау шытырманды шырғалаңға толы өмірде, әр адамның бір кем дүниесі бар екеніне көзім жетті…

Жайдары жаздың мамыражай күндерінің бірінде әлеуметтік желіні ақтара отырып, бір ағайымыздың тікелей толқынын көзім шалды. Сондағы құлағыма шалынған сөз: “қайтеміз енді бір кем дүниеғой бауырым” деді. Осы бір қарапайым сөз денемді бірден дір еткізді.  Ойыма бірден сол бір кем дүние бәрін де барма екен, әлде, дүниесі түгел жан барма деп ойым сан-саққа кетті.  Ойлана бастадым, зерттей бастадым. Қарап тұрсам, дүниесі түгел адам бұл өмірде жоқ екен.

Мәселең: үш көрші бар делік. Бірінің: ақшасы жетерлік, уақыты көп, бауырлары бүтін, ата-анасы қасында қарап тұрсаң бәрі жақсы.Бірақ бір кем дүниесі: сәби. Ендігі отбасыда: көп балалы, бауырлары бар, ата-анасы, уақыты бар, дегенмен, қаражат жоқ. Соңғы кезекті отбасыда: Ата-ана, қаражат, уақыт,сәби барлығы бар бірақ, бауыр жоқ. Сіз үшін осы бір айтылған үш кем дүние, сол адамдардың өміріндегі ең маңызды БІР КЕМ ДҮНИЕСІ ме?

Менің ойымша, бұл кем дүниенің барлығының орнын басуға болады. Кей отбасыда табылмайтын, ең қажетті бір кем дүние- Адамгершілік пен Иманның жоқтығында деп білемін. Егер де, кей отбасының осы дүниесі түгел болса, басқасы олар үшін ешқашан бір кем дүние болып көрінбес еді. Шүкір ететін еді.Барын бағалар еді. Орынын толықтырар еді. Түсіністікпен қарап, басқа түскен тағдырға көндіге отырып, келген сынаққа қабырғасы қайыспас еді.

Жоғарыда айтып өткен, осы бір кем дүниенің жоқтығынан талай адамнан айырылып, талайымен араздасқан жандарды көріп ҚАЙРАН БІР КЕМ ДҮНИЕ деп ойланып қаламын…



Бөлісу: