Қайғылы күнге де бір жыл толыпты
блог
Кеше жайбырақат теледидар көруге отырған ем. Жаңалықтардан былтырғы Тараздағы терактыге бір жыл толғаны туралы айтып жатыр екен...
Рас, былтыр біразымыздың есіміз шықты. Кинолар мен жаңалықтардан көріп естіп жүрген терактының өз қазақстанымыздан шыққаны бәрімізді қорқытты, үрей ұялатты. Бірақ, сол теракт біздің қорғаныш болатын азаматтарымыздың да бар екенін бізге дәлелдеп кетті. Сол кезде қаза болған азаматтарымызға ешқайсымыз бей жай қарай алмадық.
Біз блогшылар аздаған ақша жинап Ғазиз Байтасовтың суретін Н.Қилыбаев ағамызға салдырып отбасына табыс еткен едік. Кеше Ғазиз Байтасовтың үйінің ішін көрсетіп жатқан кезде біз сыйлаған портрет тұр екен. Бір түрлі көңілім босап, жылап жібердім.
Осындай жағдайлар ешқандай адамды бей жай қалдырмайды, бірақ сол бір теракт қаншама адамның өмірін алып кетіп жатыр. Жарайды, адамдар қайтыс болғанымен де артында қалған туған туыстарын ойласақ екен. Кеше әкелері мен жарларынан айырылған отбасыларын көрсетіп жатыр, балаларының көздеріндегі мұңды көрсеңіздер ғо, тіпті қарай алмайсың.
Тыныш, бақытты өмір сүрейікші. Еліміз тыныш, татулықта өмір сүрейікші. Енді теракты деген нәрсені көрмей-ақ қояйықшы...
Пы.Сы. Жоғарыдағы сурет былтыр салынған сурет