Қайдасыздаааааар?

Қайдасыздаааааар?
жеке
блог

Сәлем!

Привет! 

Селам! 

Һелау!

Ни һау!

Сұмдық тіл білетін адам құсап бастадым ғой дим иә)) Елдің бәрі біздің Назерке деймісің))) Негізі ешқандай тіл білмейм, қазақ тілінің өзін де қатыратыным шамалы. Рас айтам! Оны қойш, елдің бәрі қайда кеткен? Неге тып-тыныш? Белсенділік те байқалмайды, или жаңа адамдарды танымай отырған соң солай көрінген шығар маған. Ол үшін кешіріп қоярсыздар мені.

Көптен бері ауылға, қара шаңыраққа баралмай жүрген жандар сияқты, мен де көптен бері Массагетіме кіре алмай жүрмін. Сол бітпейтін қарбалас. Бұл бәрібір ешқашан бітпейді екен деп бүгін зу етіп осында кіріп отырмын. Кәдімгідей сағынып қалған екем. Ары бір, бері бір ақтарып шықтым. Массагеттің жазары мен айтары күннен-күнге артпаса кемімейді, оған еш күмән жоқ. Көптен бері кірмей, бүгін оған тағы көзім жетті. Ал блогерлер ше? Мәәәә, аурасы өзгерген бе қалай? Ұят-аааййй, көөөп адамды тани алмадым. Сонда да жазбаларын қарап шықтым. 

Мәәәәә деп қоям өзіме өзім, ақымақ қыз соңғы рет қашан кіргенсің, не бітіріп жүрсің деп)) Сөйтсеееем, бір кезде Абылайға жауап жазып кеткен екем, оның алдыннан осы уақытқа дейін өз басыммен қарбаласа беріппін. Сонда не бітірдің дейсіздер ғой маған. Ештеңе)) Әлі жүрм. Үй мен жұмыстың ортасында салпақтап, құжат реттеумен әуреленіп, үміт үзілсе де үзбеуге тырысып, театрға баруды азайтып... Басқа бітірген ештеңем жоқ. Айтпақшы, Әуезов театрындағы қойылымдарды бітіргем қыстың орта жағында. Содан ТЮЗ-ды бастап ем, оған да белсенділік азайып, қазір аптасына 1-2 рет қана баратын болғам. 

Еш жаңалықсыз жетіп кепті ғой, демеңіздер. Шынымен жаңалық жоқ. Тек сіздерді сағындым. Бір кіріп амандасып шығайын дегенім ғой. 

Мақпалдың тәмсілдері, Айшаның қызықты, Айбектің ойландырар, Абылайдың саралайтын, Мейіржанның сөйлейтін, Гүлжанның кітап жайлы, Мирастың тартымды, Аиданың ағытылған, Назеркенің үлгілі, Нұрболдың арнайы Арқалықтан, Сараның сабырлы, Есіл еркесінің ерке блогтары қайда? (аталмай қалған блогер бауырлардан кешірім сұрайм, жазба асығыс жазылып отыр)

Мен бәріңізді сағындым. Түсінем, бәріңіздің де өз шаруаларыңыз бар. Бірақ қолдарыңыз қалт еткенде жазып тұрсаңыздаршы, біз де қолымыз қалт еткенде оқып тұрамыз. Сонда мұншалықты сағынбас педік))

Қысқасы, бәріңізді жақсы көрем! Сағынышпен болса да, бір қауышуға жазсын! Аман болыңыздар!