Қайдасыңдар, тыстағы әлем тұңғиық?
жеке
блог
блог
Тырс, тырс еткен жаңбырдың тамшылары,
Құлдилап кеп құлайды, жаншылады.
Тереземе тынымсыз соғылатын,
Мөлдір, мөлдір тамшылар жыр сұрады.
Қайдасыңдар жанымның жыр тұмары,
Жыр тұмарға сағалап сыр тұнады.
Ән боп ұшып қанатын қақпаса егер,
Жырға құмар жүрегім тұншығады.
Қайдасыңдар сезімнің сыңғырлары,
Тасқын атып демімнің түнгі ырғағы.
Тыным бермей тықсырып жүрегімді,
Сырлы сөздер самал боп сыбдырлады.
Қайдасыңдар, тыстағы әлем тұңғиық?
Сенің жырың менікінен мың биік.
Тырсылдайсың таусытып тағатымды,
Түн көрпесін жамылғанда жыр құйып.