Қайдасың, қазақ қызы?!

Қайдасың, қазақ қызы?!
жеке
блог

Instagram шіркінді аша салсаң, алдыңнан жүздеген, мыңдаған, миллиондаған суреттер шығатынын мен де, сіз де білеміз ғой. "Интересные" дегенді аша салсаң - бітті! Қуыршақ тәріздес қазақ қыздарының бар екенін инстаәлемнен байқаған боларсыздар? Немесе батыстық замандастарымыздан үлгі алып, өзін "сан қырынан" көрсетіп, мыңдаған "подписчиктерді" иеленген қыздарды? Иә, мен де Instagram әлеуметтік желісінің күнделікті қолданушысымын. Бір бойжеткен бар. Маған жазылған адамның бірқатары сол қыздың да "подписчиктерінің" арасында жүр. Боянғаны соооондай, кәдуілгі қуыршаққа ұқсатасың, рас айтам. Ұсқынының 90 пайызын арзан қағаз орамалмен сүрте салуға-ақ болады. Жұрттың барлығы "әсемсің, сұлусың, саған ұқсағым келеді" деп жазады. Бір қызығы, ол аруға еліктеп, үлгі боларлықтай еш қасиетін байқамаппын. Тек әдемі және өте-мөте мол мөлшерде косметиканы қалай жағуға болатынын үйретері болмаса... Жұрттар қызық-әй! Тағы бір бойжеткен бар. Иә, расымен де бой жеткен қазақтың әп-әсем қызы. Аты да өзіне сондай жарасымды! Бірақ аруымыздың бойынан қызға тән деп айтарлықтай қасиет пен қылық таба алмағаным өкінішті... Айтып-жазған екі сөзінің бірі - лас, желіге салатын суреттеріне айтатын сөз жоқ! Еріксіз "Ойбай!" дерсің. Рас, негізі еш адамды ғайбаттап, өйтіп мін тағуыма ешқандай хақым жоқ, дегенмен мен - қазақпын, ол - қазақ! Жан ашиды, жүрек сыздайды. Әп-әсем қыздың сондай жолды таңдағаны өкінішті, әрі сан еркектің жанарын өзіне сонша еліктіретіндей ашық-шашық стильдегі суреттерді жүктеу - Құдай сүймеген іс болары хақ! Қыз - жұмбақ! Қыз - әсем! Қыз - нәзік! Қыз - қылықты! Алла берген әсемдік пен құндылығыңызды сан жұртқа паш етпей, жұмбақтығыңызды сақтаңыздаршы, замандастарым!

P.S:  Әркімнің өз ойы бар! Оны дұрыс не бұрыс көру - сіздің құзырыңызда!