Қайдасың

Қайдасың
жеке
блог

Сен қайдасың менің жарым болашақ

Бір көрінші бейнеңе бір қарасақ

Арман болдың ажарыңды аңсаумен

Жақын қалды кездесер күн санасақ

 

Уақыт келсе оғанда бір жетерміз

Сағым куған күндерденде өтерміз

Маған қызық келер шақты ойлаған

Біздер қалай танысады екенбіз

 

Іздемеді деп сен мені күрсін бе?

Шын бейнесі көрінбейтін күнсің бе?

Айдан іздеп жүрген менің асылым

Әлде менің жанымда сен жүрсің бе!

 

Сені  іздеймін күрең алтын күзде де

Тауып алсам бермеспін мен өзге ге

Ақ батасын берген кезде ата-анам

Ақ босаға ашылады біздерге