«Қайдасың асылым, қайдасың ғашығым, қайдасың сен?» деген өлең жолдары құлағымда тұр.. Әнді тыңдап отырмын. Осы бір әнге енді ғашық болып жүрмін... ) Бірақ бұның негізгі айтқым (жазғым) келген нәрсеге еш қатысы жоқ. Жаман ойлап қалмаңыздар...:))
Алматының бірінен соң бірі, қаз-қатар тізіле орналасқан көшелерінің арасында, сапырылысқан адамдарының арасында жалғыз келемін... Қайсы еді, әлгі, «бір көшелердің» қиылысына баруым керек, сол жерден тағы бір автобусқа отыруым керек екен... Ал, енді тауып көрші, осы жерлерге келсем үнемі адасамын да жүремін..)) Негізі, ұят енді, менікі. 3-курс бола тұра Алматының көшелерін әлі дұрыс білмеймін..)) Төмені мен жоғарысын ажырата алмай әлек боламын көбіне. Неше түрлі карталарым да бар. Бәрін қойып, ұялы телефонымдағы картамнан көмек сұрайын деп былай қарайм, былай қарайм.. жаңағы көше картада жоқ...)) Ал, енді оның басқаша атауын есіңе түсіріп көрші..))
Жоғары мен төменді ажырату үшін «тау жақ ол жоғары, оған қарама-қарсы жақ төмен болады немесе өзің тұрған жеріңе байланысты да ажыратуға болады» деуші еді бір досым.)) Шамамен, болжап тұрмын, осы төмен, осы жоғары-ау деп...))) Бірақ өз-өзіме қарсы шығамын, олай дейін десем, басқа жақпен келдім ғой. Кері қайту үшін дәл сол жолмен жүрмеймін бе?? Қысқасы, әбден басым қатты...)) Көшені білмеген де жаман екен(( . Енді дәл қай көшелермен жүргенімді айтпай-ақ қояйыншы, ұят болады:)) Бірақ бару керек жеріме жеттім.)) Жолымда кездескен адамдарға бар «уайымымды» айтып, жөн сұрадым.)) Жолды көрсетіп, ерінбей жол сілтейтіндеріне ризамын. Осындайда, адамдар аман болсын дим...)) Көбіне, көшелерді ғимараттар арқылы ғана ажырата аламын... Қасымда біреу болса, қаннен-қаперсіз жүре беретініме не дерсіз..?! (қасымдағы адамға сеніп жүре беретінім де жаман) Қой, тезірек көшелерді үйренбесем болмайды екен, ұят әйтпесе...:))
Ал сіз ше, жолды бағдарлай білесіз бе немесе ориентиріңіз қалай?