Қайда қалдың қазақ намысы?
блог
Қыз - елдің болашағы. Қазақ қыздары, сендер болашақ анасыңдар, панасыңдар. Бойларыңа берілген тазалықты қорғап, бекем болыңдар. Бүгінгі жеңіл тірлік ертең-ақ сағымға айналып, үлкен өмір табалдырығын аттағанда, осы күнгі ойларыңыздар жиіркеніп, өкінерсіздер, бәлкім. Көпке топырақ шашпаймын, дегенмен арсыздық тек қыздар емес, қазақ жігіттерінің арасында да өршіп тұр. Ішім ашиды, өртеніп, күйіп барамын. Таразыға тартып ойланайық, атам қазақ осындай азғындық үшін осынау жерді қорғады ма? Заманның сықпыты мынау, жан-жағымызға қарап, ойланайық! Біз америкалық емеспіз, біз шетелдік азғын ойлы адам емеспіз! Біз - қазақпыз! Біз - батыл, батыр, текті ұрпақпыз! Мен ерігіп жазып отырғам жоқ, ішім адам сөндіре алмас өрт болып лаулап барады. Ағайын, іні, қарындас, бауырлар! Арымызды сақтайық! Ағасы қарындасын қарындас деп сыйлап, қарындас ағасын аға деп құрметтеп, арсыздыққа, бетсіздікке жол бермейік! Таза жүрсең, таза береді, бақытсыз, бейшаралықтан ада болайықшы. Бауырлар, қазақ қызын қорламаңыздар, олар сіздерге бір тігіп лақтырып тастайтын шұлық емес. Қарындастар, тазалықтарыңды үкілеп ұстаңыздар, ол - сіздердің болашақтарыңыз. Біздің, қазақ жігіттерінің болашағы!