Олар осы Қазақстанда жүрген шығар. ©
Айнара Байжан... Ел есіндегі есім. Қателеспесем, Massaget-те ең бірінші болып блог жазған қыз.
Қыздарға әсемдік жарасады. ©
Тамаша жазып кеткен, ә! Мұндағы алғашқы блогын өзінің сұлулық құпияларын жұртқа жария етуімен бастаған.
Қызым, шаш күтіміне ерекше мән бер! © Айнараның анасы
Айнара шашын аптасына үш рет жуады. Жумаса, үш рет жуу дұрыс деп біледі. Күнде-күнде жуа берсең, шашың құрғап, жігіттер қарамай қояды деп... айтпаған. Қыздар, ошаған деген май бар екен ғой, ә!? Соны Айнара 2011 жылға дейін үш жыл бойы пайдаланыпты. Қазір де пайдаланатын шығар. Әй, білмеймін, шашы орнында шығар.
Қазақ қыздарына шашты өрген жарасады. © Міне, ненің қайда екенін, қайданың неде екенін тамаша біледі. Бірақ көбісі не жалбыратып жібереді, не қиып тастайды. Айнара фенның зиянды екенін біледі. Ол көп бояна бермейді. Тек мерекелерде ғана аздап боянады екен. Көп бояна берсең, теріні ерте қартайтып, "зейнетке" шығарып жібереді екен ғой қолыңа РНН-іңді беріп анау ЦОН-дағы екі жүз мың теңгемен жұмысқа орналасқан қыз. Айнара тырнақтарын ашық түске бояйды. Қысқа етіп қана өсіреді. Иә-иә, біліп отырмын, "прекрасно" біліп отырмын: кейбір қыздар Айнарамен мүлдем келіспейді, әрі т.б. сөздерді қосып айтады.
Ал сіз сұлу болып көрінудің қандай жолдарын білесіз? © Айнара
Ай-нари-най-нари-нари-най! Осы сұраққа қыз басыңызбен жауап жазып көріңіз.
Қош келдім бе? © Ақ-Ерке Әбілхан
Massaget-тегі алғашқы жазбасын осылай бастапты. Әлде бұған дейін басқа жерде блог жазып жүрді ме екен? Не де болса, Ақ-Еркенің басқа да қызықты жазбалары бар ғой. Тұрмыстағы әйел. Қазір қайда екенін, блог жазатынын, не жазбайтынын осындағы достары жақсы білетін шығар деп ойлаймын.
Жалынды сәлем! ©
KaspiBank-тан кредит алмаңыз! Жоо-ққ! Каспий Меруерті деп жазғым келген ғой. Алғашқы блогын сәлемнен бастайды. Студент болғасын соған қатысты тақырыптарда блог жазатынын ескерткен ғой сәлемінің соңында.
Аман-есен жүргеніңе шүкір де! © Соңғы жазған блогында осыны өсиет етіп кетеді. Мейіржан Әлібековтың "Тәубеңе кел!" деген өлеңі ұнап қалған екен оған да. Қазір Меруерттің қайда екенін білмеймін. Бірақ блогтары жақсы еді. Жақсы-жақсы пікірлер де жазатын. Каспийден іздеу керек шығар. Әлде интернетке қосылатын телефонында бірліктері жоқ пе екен...
Ойбаа-ай! Маса шағып жатыр. SOS! Құдды бір шетелде жүргендеймін. © Жансая
Кәдімгі бәріміз білетін Жанның Саясы ғой. Қазір Атырауда жүр. Өзі пысық қыз. Жарайды, мақтамай-ақ қояйын. Тіл-көз тиіп жүрер. Аман жүре берсін. Бір жобаға қатысам дейді. Бұл кісіні Instagram-нан да, Twitter-ден де оңай табасыз.
Өзі еңбектің адамы ғой, шіркін! Мен 1991 жылы 16 қазанда осы дүниеге келгенмін. Ал бұл қыз төрт күннен кейін өмір есігін шыр етіп ашқан. Сөйтіп, 5 жасында адамның ойын оқитын сиқырлы таяқшаны армандаған ғой. Жалпы, біраз нәрсені жазған Жансая ғой. Аман-есен жүре берсін жанымыздың саясы болып...
Ал... Негізі, бәрінен де маған қызық боп жүрген адам...
Өзімен күрескен. Өзінен "қасқыр" жасаған...
Өнер Академиясында оқу тобында бұл кісінің сөзіне бәрі күледі. Сол кезде Назерке жылап жібереді. Аманшылық қой, әйтеуір, қызыл дипломын алған. Қазір сол драматургияның ояқ-бұяғында қызметте жүрген шығар. Осы қыздың жазбалары ұнайтын. Жүрегінде қайнап жатқан нәрселерді ақтарып салады ғой, шіркін! Бірақ қазір блог жазбайтын шығар. Білмедім...
Барлықтарыңызға ляхмет! © Назерке Сланбек
P.S. Жалпы, белсенді жазған блогшы қыздар көп болды ғой. Мен онша танымаймын. Мен не анда жоқпын, не мында жоқпын. Бірақ осы жоғалған адамдар секілді жоғалып кетемін деп ойламаймын. Ал жоғалып кеткен белсенді жігіттер жайлы қыздар жазсын.
BlogLogo-ларым қалай, ә? ©
Ай, Назерке-ай!.. ©