Қайда барасың қазақ әндері?

Әу демейтін қазақ жоқ деуші еді. Ілгері заманда қазақтың қай үйінде болмасын қара домбыра шертіліп, ауылдың алты ауызынан бастап қонақ кәде аталатын әндер шырқалып жүретін. Бесікте жатқаннан бастап ән тыңдап оның соңы қара жерге кіргенде жоқтаумен аяқтайтын еді қазақ атамыз. Абайдан сөз артылған ба?  "Әннің де естісі бар есері бар" деп кетіпті ғой жарықтық. Бәз-біреулер қазақ әнінің соңы Шәмшіде қалды деп жатады. Біреулер қазірге дейін қаймағын бұзбай келеді дейді.  Сонымен ой жүгіртейік:

Қазақ әндерінің түп атасы бесік жырынан бастап ортасы дәстүрлі әнмен жалғасып соңы халық әндеріне ұласады. Дархан даланы мекен еткен ата-бабамыз ошақ қасының  күйбең тірлігінен бос уақытта өздерінің сағынышын,мұңын, қуанышын әнге тізбектеген. Көбіне бір сарынды ойнақы келетін ырғақтағы әндер қазақ халқының фишкасы десек болады . Олар әннің құр даңғыр емес мәдениеттің бөлігі екенін анық білген. Кейбір халық әндері әлі күнге дейін 1 әріпі де өзгермей сол үнімен шырқалып келеді.

Қазақ Тәуелсіздік алғаннан кейінгі әндерге тоқталайын. Өзім дәстүрлі әндерді аса көп тыңдамаймын. Оным ұят екенін білсем де заман өз дегенін жасатып жатыр. Бірақ қазіргі әндермен таңдауаға қойса әрине бірінші қазақтың халық әндеріне бұрыламын.

2010 жылдан бері талғамым қалыптасқан кезден бастап талдау жасап көрейік. Ол кез қазақта МУЗАРТ пен Қайрат Нұртастың жұлдыздары жанған кез еді. Әрине әр адамның "Жүректері ауырып", "Алматысын сағынып" жүрген кезі. Қайрат ағамыз өз күшімен шыңға шыққан сырбаз ғой, сонысынан сынға да ілігіп жүрді. Қазақстан футболы толтыра алмаған Астана Аренаны толтырып 2015-тің кешінде концерт қойғанда талай жан қалпағын шешкен болатын. Неге мен той әншілерін алға тартып отыр деп ойларсыздар? Бұл талғамның жоқтығы емес тыңдауға оңай болғандықтан. Әннің ұзақ жасауы арнайы білімі бар мың адамға емес білімі жоқ жүрегі таза миллион халыққа байланысты.  Қалдаяқов атының ұзақ жасауы осы себеппен. Әндерінің көбі жеңіл, 3 аккордтың диапазонында орындалатындықтан қазақтың еңкейген қариясы мен еңбектеген баласы да аузынан тастамайды. Ал осы қолдау арқасында еліміздің әнұранын жүрегінен шығарды.

 Жарайды  Қайратқа  келейік. Дәл Қайрат сияқты өзім тыңдаған әншінің біреуі Ернар Айдар. Әлбетте оны елге танытқан "Жарығым-айы" Себеп әндерінің ұқсасытығы. Ноталарының, сөздерінегі астары, тіпті сахнадағы билеріне дейін. Не құдірет деп астын қазбаласам екеуінің де мектебі бір адам екен. Ол Бауыржан Есебаев. Осы екі әншіні үзбей тыңдайтын едім. Олардың әндерін елден бұрын жүктеп алғасын көбін әлі күнге дейін жатқа білемін. Қайрат "Астана Аренада" тұрып "Ғашықпен мен өмірге...." деп Ернар "Күнім сен сөнбеші" деп қос ғашық Марлен мен Анельді елге үлгі қылғанда тебіренбеген жұмыр басты жоқ. Бірақ сол кездің өзінде олардың әндерінен мағына таппайтындар бар еді. Бүгінгі тыңдап жүрген  әндерді сол әндермен қатар қойса Қайрат пен Ернардың әндері әлде қайда асыл көрінер еді. Кеше осы әнщілер есіме түсіп кетіп тыңдап көрген жайым бар еді. Сол әрекетім осы блогқа себеп болды. Тіпті қазір де құлаққабымда ойнауда.

Қазіргі әндерде мағына жоқтың қасы деп мен тіп-тіке айта аламын. Щыны керек ол әндердің тыңдалып жүргені ақынның немесе композитордың емесғ әнді өңдейтін адамдардың еңбегі. Демек жартылай компьютер. Қатты айтқанда оранжировщитардың. Әннің сөзін дәптерге көшірсеңіз одан мағына іздеу шөп арасындағы ине секілді. Әрине біткен іске сыншы болмай ақ қойдым, олардың да наны. Бірақ рухани құндылықтар соның ішінде ән ұлтпен қатар жасайтын жасампаз. Құрметті тыңдарман. Сіздерге айтатыным әнді тыңдай білейік, талғам қояық. Әншілерді әніне емес имиджіне қарап тыңдасақ, олардың әндеріне миллион жинап берсек ұзаққа бара қоймаспыз. Егер ән мағынасы бұдан құлдыраса онда не болатынын елестету қиын. Тіпті мүмкін емес!



Бөлісу: