Қайда асықтың ағатай

Қайда асықтың ағатай
жеке
блог

Ойда жоқта арқа сүйер ақылшы ағамнан айрылып қалдым. Өлім айтып келмейді деген рас екен. Кім ойлаған қырық жасқа жетпей жаны жайсаң ешкімге жамандығы жоқ ағамды алып кетеді деп. Үш күн ғана басым ауырды деп жатып кете барды, тілге келмей.

Ақ халатты абзал жандарға деген құрметім ешқашан өзгермейді деп ойлайтынмын. Өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтын аадмдарға топырақ шашпаймын. Адам өміріе араша түсуді кейінге ысырып, артық қағаз толтырудан қашатын өз кезекшілігі тыныш өтуін ғана тілейтін жандар қазір қоғамымызда бар екен өкінішке орай.

Келіп нақты диагноз қойып алғашқы көмекті көрсетіп, өз аяғымен қаралуға барып тұрған адамның қан қысымында өлшемей психологқа қаратыңыздар деп шығарып салған қабылдау бөлімінің кезекшілеріне деген өкпем қара қазандай. Сол кезде қарағандарында ағам тірі қалар ма еді деген бір тәтті қиял кеудемнен кетер емес. 

Бір көрген түстей ғана қайтадан қайтып келердей елеңдеп күтемін. Жақынан айрылғандарды бір кісідей қайғысын түсінемін деп жүргем, ес білгеніңде шағарып салу өте ауыр екен. Іштей қимайсың, қолдан келер шара жоқ. Тек ауыр күрсіну ғана келеді қолымнан.Мәңгілікке басылмайтын сағыныш қалды кеудемде. "Артында ұрпақта қалмады, неге мені алмайсың ұлдарымды алғанша" деп егіліп отырған апам жүзіне қарайда алмаймын...

 

Қай сала маманы болсаңда өз ісіңе жауапкерішілікпен қарап, адал еңбек ете біл Массагеттік қолданушы.