Қай жолға бағыт алып барамыз?

      Әлихан атамыз өз сөзінде:  «Қазақ-баладай аңғал, сүттен ақ, судан таза, бүлінбеген халық » деген еді. Қазір ше ?

   Зиялы халықтың саналы ұрпағының қай жаққа бет алып бара жатқаны белгісіз. Үлкеннің алдын кеспейтін, сыпайы  да тәрбиелі , білегі көрініп қалса беті қызарып, ұяттан жерге кірердей болатын қыздарын тәрбиелеп өсірген қазақтай асқақ халықтың ұрпағы емеспіз бе ? Ата-бабамыздың саналы  тәрбиесінен қазіргі ұрпақ қандай ғибарат беріп жатырмыз ?

Неліктен жастарымыз өзгенің жат дүниесіне еліктеуден қорықпайды. Осы еліктеушіліктің түбі рухани азғындауға әкеліп соқса ше ?

 Күнделікті жаңалықтардан жалаңаштанып жүрген өз азаматтарымыздың жайын естіген кезде төбемнен жай түскендей болды. Біз бой түзер аға-әпкелеріміздің бұл қылығына кім тоқтау  салады? Жалаңаштанып, өз намыстарын аяққа таптауларының басты себебі ,болмашы бір тиын үшін екен.  Осы уақытқа дейін бұндай жағдайдың куәгері боламыз деп кім ойлаған. Қазақтың ардалы азаматтарының бойынан тек ғана  намысқойлық, қайсарлық табылу керек емес па? Қиын-қыстау сәттерде болсын қара су мен қатқан нанды азық етіп, келешек таңның қамы үшін аянбай еңбек еткен ұлт жанашырларына білдірген алғысымыз осы ма? Бұл жағдайда халық бар болғаны күнделікті жаңалықтар сияқты қабылдады. Өйткені, бұндай жағдайлар елді таңдандыра алмайтын болған. Қыз сияқты киінген еркектер, жалаңаштанып жүрген азаматтар, БатыстыҢ дүниелеріне таңсықпен қарамайтын халық...

Осындай бей-берекет іс-әрекеттерге әкеліп соғып жатқан жағдайлар ұрпақ тәрбиесіне селқос қарауымыздан, ел болашағына жауапкершілік алмауымыздан және де көгілдір жәшіктен күні бойы көрсететін телесериалдардың септігі де тиіп жатқандай.

Уақыт өткен сайын ата-бабамыздың өнегелі тәрбиесінен алыстап жатқандаймыз. Жалаңаштанып жүрген аға-әпкелерімді көргенде үстеріне киетін шүберек таба алмай жүре ме деп ойлайсың. Әлде бойларынан қазақтың дара қасиетіін жоғалтып алып соны іздеп жүре ме?

 Жұмабек Тәшенов«Елімнің мүддесі үшін қияметке болса да дайынмын»деп айтқан болатын. Ал, біз ше ? Қара басымыздың қамы үшін намысымызды таптап, сол қиямет күнін жақындатудамыз...

 

Тілегенқызы Көгершін



Бөлісу: